Газпром нефть делегациясы АМӨЗ мамандарымен тәжірибе алмасты

14.12.2022
1240 просмотров
Газпром нефть делегациясы АМӨЗ мамандарымен тәжірибе алмасты
Ресейлік «Газпром нефть» ЖАҚ-ның өкілдері Атырау мұнай өңдеу зауытында болды. Делегацияны мұнай мен газды өңдеу дирекциясының басшысы Олег Ведерников бастап келді. Кездесудің мақсаты – мұнай өнімдерін шығару жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін тәжірибе алмасу.

  Іс-шара зауыттың тарихы және қалыптасу кезеңдерімен танысудан басталды. Кейін қонақтар мұндағы технологиялық қондырғылардың жұмысының ерекшелігі, кәсіпорында жүргізілген жаңғырту жұмыстары туралы ақпарат алды. Делагация компьютерлік-тренажерлық кешенде болып,  зауыттағы технологиялық процестер басқарылатын операторлық бөлмедегі жұмыстармен танысты.  Әрі қарай кездесу АМӨЗ-дің қазіргі жағдайы мен дамуы туралы баяндамалар тыңдаумен жалғасты. Мамандар қондырғыларды пайдаланудың сенімділігі мен зауыттың қуаттылығын арттыру, мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайтуға қатысты жоспарлармен бөлісті. Тараптар мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларын интеграциялау, өндірісті цифландыруға бағытталған құралдардың енгізілуі,  «Газпром нефть» ЖАҚ әзірлейтін катализаторлар мен басқа да технологияларды пайдалануға қатысты тәжірибелерімен алмасты. 

   Олег Ведерников кездесу қорытындысына оң баға беріп, АМӨЗ мамандарының кәсіби біліктілігін ерекше атап өтті. «Зауыт өндіріс үшін өте икемді. Бәлкім нарықтағы жағдай кәсіпорынның бар мүмкіншілігін пайдалануға кедергі келтіретін шығар. Қазір іске асырылып жатқан жобалармен, цифрландыру шараларымен таныстық. Олардың кейбірі біздің жобаларға ұқсайды. Әріптестерімізбен құнды тәжірибе алмастық. Зауыт мамандары өте сауатты, кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауы үшін қандай жобалар мен бағдарламалар қажет екендігін жақсы біледі», - деді ол. 

Кездесу соңында тараптар ортақ мәселелерге қатысты серіктестік қарым-қатынасты жалғастыруға келісті.

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться