АМӨЗ басшылары өндірістік қауіпсіздік бойынша оқудан өтті

23.11.2022
653 просмотров
АМӨЗ басшылары өндірістік қауіпсіздік бойынша оқудан өтті

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Мұрат Досмұратов бастаған топ-менеджерлер тобы IOSH қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық оқу курсынан өтті.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау – АМӨЗ жұмысындағы ең басты қағидаттардың бірі. Зауыттың басты құндылығы – қызметкерлер. Олардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етіп, еңбекті қорғаудағы халықаралық тәжірибені енгізу мақсатында кәсіпорында бірнеше бағдарлама іске асырылуда. Солардың бірі – қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың интеграцияланған жүйесіне негізделген «Аман» жобасы. Бағдарлама аясында зауытта «Қорғау» карталарын толтыру арқылы қауіпті жағдайлар мен қауіпті әрекеттерді дәл анықтайтын «Near Miss» жүйесі енгізілген.
Биыл «Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау» жылы аясында, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ Health&Safety бағдарламасын іске асыру мақсатында АМӨЗ-дің топ-менеджерлер тобы да арнайы оқыту мен сертификациялау курсынан өтті. Зауыт басшысынан бөлек аталмыш курсқа бас директордың өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары – бас инженер Рахымжан Жанғабылов, еңбекті қорғау, қоршаған орта және азаматтық қорғаныс жөніндегі атқарушы директор Әділет Шошанбасов пен термокаталитикалық және тереңдету процесстері жөніндегі атқарушы директор Асқар Сахауов қатысты.
Төрт күнге созылған курсты атыраулық Baitau Partners оқу орталығының мамандары өткізді. Мұндай шаралар өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қадағалап, қауіпті жағдайлар мен тәуекелдерді уақытылы анықтап, жоюды үйретеді. Ал мекеме басшыларының еңбек қауіпсіздігін сақтау шараларын берік ұстануы – кәсіпорында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың алғышарттарының бірі.

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться