О компании
Вакансии
Пресс-центр
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
О компании
О компании
Действующее руководство
История завода
Экология и безопасность
Политика в области качества, охраны труда и окружающей среды и выплата налогов
Охрана окружающей среды
Программа по энергоэффективности
Выбросы в атмосферу загрязняющих веществ
Выбросы в атмосферу парниковых газов
Управление отходами производства и потребления
Оценка воздействия на окружающую среду
Производственный экологический мониторинг
Водопотребление и водоотведение на собственные (производственные) нужды компании
Охрана труда
Пожарная безопасность
Промышленная безопасность
Проект Tazalyq
Продукция
Производство
Общезаводское хозяйство
Производство ароматических углеводородов
Производство гидрогенизационных процессов
Производство глубокой переработки нефти
Производство и транспортировка нефтепродуктов
ПКИС
ППНГО
Производство тепловой и электрической энергии
Центральная заводская лаборатория
ГТЭС
ISO
Цели и задачи
Политика ТОО «АНПЗ»
Сертификаты
Социальная сфера
Жилищное строительство
Медицинский центр
Программа медицинского страхования
Отдых детей
Обучение
Забота о ветеранах
Зал истории и трудовой славы
Социальная поддержка
Спортивная работа
Активы
Закупки
Годовой план закупок
План долгосрочных закупок
Нормативные документы
Дополнительная информация
Архив
Закупки
Проекты модернизации
Реализация проекта "Строительство комплекса глубокой переработки нефти"
Реализация проекта "Строительство комплекса по производству ароматических углеводородов"
Банк идей
Блог
Письменные обращения
Электронная база данных субъекта естественных монополий
Объявления
Мощность подъездных путей
Тарифы
Отчет перед потребителями
Доступ к ключевой мощности
О компании
Вакансии
Пресс-центр
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Рус
Қаз
Eng
Главная
Пресс-центр
Новости
«ҚазМұнайГаз» басшысы Атырау МӨЗ-дегі жөндеу жұмыстарымен танысты
«ҚазМұнайГаз» басшысы Атырау МӨЗ-дегі жөндеу жұмыстарымен танысты
12.10.2022
1345 просмотров
11 қазан күні «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапары шеңберінде АМӨЗ-де болып, зауыттағы жөндеу-алдын алу жұмыстарының барысымен танысты.
11 қазан күні «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапары шеңберінде АМӨЗ-де болып, зауыттағы жөндеу-алдын алу жұмыстарының барысымен танысты.
Еске сала кетейік, ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген жоспарлы-алдын алу жөндеу кестесіне сәйкес 2022 ж 1 қазанында АМӨЗ-де технологиялық қондырғыларды жөндеу жұмыстары басталды. Зауыттағы технологиялық қондырғыларды жөндеу алғаш рет кезең-кезеңмен жүруде. Бұл мұнай өнімдерін шығаруды тоқтатпауға мүмкіндік береді. Жөндеудің мұндай тәсілі Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарында бұрын-соңды қолданылмаған.
АМӨЗ-дің бас директоры Мұрат Досмұратовтың айтуынша, 9 ай ішінде зауытта өңделген мұнай көлемі 4,2 млн т құрайды. Бұл жыл басындағы жоспардан 112 мың тоннаға артық. Сондай-ақ 1 млн т автобензин, 1,2 млн т дизельді отын, 114 мың т әуе отыны мен басқа да мұнай өнімдері өндірілген.
«Өткен жылы Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына тоқтатылмай, бір жыл ішінде мұнай өңдеу көлемін рекордты көрсеткішке дейін жеткізді. Биылғы жөндеудің зауыт жұмысын толық тоқтатусыз жүзеге асып жатқаны да қуантарлық жағдайлардың бірі. АМӨЗ жөндеу кезінде 50-70 % тең қуаттылықпен жанар-жағар май шығаруды және жөнелтуді жалғастыруда. Жалпы алғанда, Атырау мұнай өңдеу зауыты өндірістік жоспарды толықтай орындайды деп күтілуде», - деді М.Мырзағалиев.
Кездесуде бұдан бөлек зауытты энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру, «Tazalyq» жобасын іске асыру, Теңіз кенішінде өндірілетін мұнайды өңдеу мүмкіндіктері мен цифрландыруға арналған жобалар туралы да сөз болды.
Жиын соңында ҚМГ басшысы жоспарлы жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау, цифрландыру мен автоматтандыруға арналған жобаларды жүзеге асыруды жалғастыру туралы тапсырма берді. Сонымен қатар М. Мырзағалиев зауыттағы электр энергиясы жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы айтып, АМӨЗ басшылығына «KEGOC» АҚ-мен бірлесе отырып зауытты энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыруға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруды жалғастыруды тапсырды.
Поделиться в социальных сетях:
Назад к списку новостей
Новости
Фотогалерея
Видеоролики
Корпоративные СМИ
Все
AMOZ alemi
Еңбек адамы
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться
Подписка на рассылку
Email
*
Подписаться
Закрыть
Вход в личный кабинет
Логин
Пароль
Забыли пароль?
или
зарегистрироваться
Восстановление пароля
E-Mail:
*