Атырауда болашақта жұмысқа орналасу үшін жаңартылған білім беру бағдарламасы іске қосылды

23.09.2022
595 просмотров
Атырауда болашақта жұмысқа орналасу үшін жаңартылған білім беру бағдарламасы іске қосылды
«АМӨЗ» ЖШС, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) және Атырау мұнай және газ университеті студенттерге арналған дуалды оқытудың жаңартылған бағдарламасын іске қосты.
«АМӨЗ» ЖШС, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) және Атырау мұнай және газ университеті студенттерге арналған дуалды оқытудың жаңартылған бағдарламасын іске қосты.
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) қолдауымен дуалды оқыту бағдарламасы және білім беру модулі аясында С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің, APEC PetroTechnic жоғары колледжінің студенттері  «АМӨЗ» ЖШС өндірісінде білімін жетілдіріп, зауыттың барлық жаңа технологиялық процестерімен танысады.
Оқыту барысында 3D технологияның көмегімен, технологиялық процесті көрнекі көрсететін заманауи мультимедиялық оқыту кешені – iSpring пайдаланылатын болады. Сонымен қатар P & ID схемалары түрлі зауыттық қондырғыларды зерттеуге ықпалын тигізеді. Ал зауыт аумағындағы зертханалық сынақтар мұнай мен газды дайындау және өңдеудің заманауи технологиялық процестері бойынша білім мен дағдыларды бекітеді.
Оқыту кезінде жетекші сарапшылар және мамандардан түрлі шеберлік сыныптары өткізілетін болады. Студенттер Қазақстандық және шетелдік мұнай компанияларының өкілдерімен кездеседі. Бұл бағдарлама кәсіптік білім беру сапасын және білім беру ұйымының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, материалдық-техникалық базаны дамытуға ықпал етеді және түлектердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік сыйлайды.
Бағдарлама ағымдағы жылдың 3 қазанында басталады.

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться