Атырау мұнай өңдеу зауыты алауының жануын түсіндіреміз.
«KEGOC» АҚ-ның электр қуатын жоспардан тыс тоқтатып тастауына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытында электр қуаты болмай, осыған байланысты бүкіл зауыттың авариялық тоқтауы орын алды.
Төтенше жағдайдың алдын-алу үшін сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі толық тұрақтанғанша зауыттың отын желісі технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталады.
Айта кетерлігі, «KEGOC» АҚ-ның бұл тоқтауы жоспардан тыс болып табылады, бұл өндірістің жұмысына кері әсер етеді.
Ақаулықтарды жою нәтижесі туралы қосымша хабарланатын болады