«Атырау МӨЗ» ЖШС қала тұрғындарының жағымсыз иіске қатысты шағымдарына жауап ретінде төмендегіні хабарлайды:
25-28 сәуірде зауыт штаттық режимде жұмыс істеді, жұмыс істейтін қондырғылар бойынша авариялық жағдайлар тіркелген жоқ.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта булану алаңдарында "TAZALYQ" жобасы шеңберінде қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлаймыз. Бұл алқаптарға 1945 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан қалалық кәрізден сарқынды сулар, АМӨЗ мен ЖЭО-дан нормативтік тазартылған сарқынды сулар ағызылады. Көрсетілген күндері желдің бағытын ескере отырып, жағымсыз иістің мүмкін көзі булану алқабы екені анық.
АМӨЗ қала тұрғындары алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, жағымсыз иіс пайда болған сәттен бастап иістің көзін анықтау бойынша өз тергеуін бастады. Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс қызметі
Назад к списку новостей