АМӨЗ көктемгі егіс жұмыстарына 109 мың тоннадан астам дизель отынын жөнелтеді

18.04.2022
1333 просмотров

_

Атырау мұнай өңдеу зауыты ҚР Энергетика министрлігі бекіткен 2022 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дизельдік отынмен қамтамасыз ету үшін өңірлерді мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесіне сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қажеттіліктерін 109 мың тонна дизель отынымен жеткізеді.

Наурыз айының қорытындысы бойынша АМӨЗ егіс науқанына 22,6 мың тонна дизель отынын жөнелтсе, сәуір айында қосымша 26 мың тоннаға жуық дизель отынын жеткізуді жоспарлап отыр.

Дизель отыны ресурс ұстаушылар арқылы Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына жеткізіледі.

 

 

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс қызметі

 

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться