Чехия делегациясы АМӨЗ-де болды

03.12.2021
1279 просмотров

_


Атырау мұнай өңдеу зауытына Чех Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудольф Гикл бастаған Чехия делегациясы келді.

Делегация құрамына химия, мұнай өнеркәсібі және мұнай өнімдерін тасымалдау технологиялары саласында жұмыс істейтін ең ірі чех компанияларының басшылары болды. Зауыт басшылығымен кездесуде қонақтарға АМӨЗ тарихы, оның үш кезеңді модернизациясы және қазіргі қызметі туралы айтылды.

Өз кезегінде Чех бизнесмендері химия және мұнай-химия өнеркәсібіне арналған жабдықтарды жеткізуге, сорғыларды өндіруге және құбыр жүйелерін диагностикалауға маманданған өз кәсіпорындарының қызметтерін таныстырды.

Мамандар бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться