22 қазанда Жайық-Каспий Орхус орталығының алаңында Атырау МӨЗ технологтары мен Атырау қаласының қоғам белсенділері арасында онлайн-конференциясы өтті, оның барысында зауыттың табиғатты қорғау қызметіне арналған жаңа тәсілдер талқыланды. АМӨЗ қайта жаңғыртудың арқасында эмиссиялар визуалды сәйкестікті сақтай отырып, қоршаған ортаға іс жүзінде қауіпсіз болды.
Ең бірінші кезекте тұрғындардың қорқынышын туғызған «құбырдан шыққан түтін» туралы әңгімеленді. АМӨЗ техникалық бөлімінің инженері Азамат Уртамбаев бұл түтіннің (будың) ластаушы заттармен қаныққан кездері өткен шақта қалғандығын атап өтті. АМӨЗ-де заманауи технологияларды енгізудің арқасында түтін газдарын тазалау түтін (бу) атмосфераға шыққанға дейін жүргізіледі және өзінің құрамы бойынша зауыттан көрінетін бұлт су буы мен көміртегі диоксидінің қоспасы болып табылады.
— Үнемі көрініп тұратын бу шығаратын құбырдың техникалық атауы — каталитикалық крекинг қондырғысында түтін газдарының сіңірілуін қамтамасыз ететін BELCO секциясының скруббері, - деп түсіндірді спикер.— DuPontBelco технологиясына сәйкес, бұл қондырғы түтін газын тазартатын модульдермен жабдықталған. Нәтижесінде газдар кокстың жану өнімі ретінде қондырғыда механикалық қоспалардан: жүзіндіден, шаңнан және химиялық қоспалардан — күкірт және азот оксидтерінен тазартылады.
А.Уртамбаевтың айтуынша, қондырғыда көміртегі тотығын толық жағу қарастырылған, соның нәтижесінде улы газдың (СО) толықтай жануына әкеледі,ал шығарындының негізгі компоненті су буы және көміртегі диоскиді болып табылады. Бұл су қалдығы- түтін газдарымен бірге атмосфераға шығатын бу болып есептеледі.
Зауыт құбырынан су буының химиялық құрамы туралы мәселені түсіндіре отырып, спикер АFM-модульдері мен g400 төменгі модульдерін тазартудың арқасында бүркуге алдын ала химиялық тазартылған су берілетінін және адамдарға және жалпы биосфераға теріс әсер ете алмайтынын атап өтті.
Зауыт мамандары жақында лицензиардың қатысуымен, қондырғыға аудит жүргізілгенін, оның нәтижелері бойынша каткрекинг қондырғысында БЕЛКО секциясының жұмыс істеуіне ешқандай ескертулер туындамағанын атап өтті.
АМӨЗ технологтары қазіргі уақытта зауыттағы өндірістің барлық қосалқы элементтері толық тазалау жүйесіне қайтарылатындығын атап өтті.
Зауыттың пештерінде жағылатын отын күкірт қосылыстарынан алдын ала ажыратылады, соның нәтижесінде атмосфералық ауаға күкірт ангидридінің шығарындылары 6 есеге дейін қысқарғанын атап өту қажет.
Талдаудың нәтижесінде, 2020 жылдың 1 жартыжылдығына АМӨЗ шығарындылары 6 320 тоннаны, лимит кезінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатқа сәйкес 20 123 тоннаны құрағандығы белгілі болды.
Кез келген адам Air.kz қосымшасы арқылы шығарындылардың құрамын бақылай алады сондай-ақ, зауыттың ауданындағы ауа сапасы туралы деректер сағат сайын онлайн режимінде берілетін қаланың электрондық таблосына жіберіледі. Сонымен қатар, қазіргі уақытта зауыттың Led-экранындағы экологиялық бекеттерден сағат сайынғы деректерді таратуды бастау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
АМӨЗ-де пайдаланылатын атмосфералық шығарындыларды тазарту технологиялары бүкіл әлемде, атап айтқанда, қалалар шегінде орналасқан Еуропаның мұнай өңдеу және мұнай-химия кәсіпорындарында қолданылады.
Конференция модераторы Ш.Ізтелеуова конференция қорытындысы бойынша зауытқа қосымша ұсыныстар әзірленетінін айтып, АМӨЗ-ге Жайық-Каспий Орхус орталығы жанынан Қоғамдық кеңес құруды ұсынды. АМӨЗ өкілдері жұртшылықпен кездесулер өткізуге және халықты қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беруге дайын екендіктерін растады.
«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі
Назад к списку новостей