АМӨЗ де химиктер күніне орай марапаттау рәсімі өтті

19.08.2020
1300 просмотров
АМӨЗ де химиктер күніне орай марапаттау рәсімі өтті

Жылдағы дәстүр бойынша мамыр айының соңғы жексенбісі Қазаұстанда химия өнеркәсібі қызметкерлері күні ретінде аталып өтетіні белгілі. Биыл да бірқатар зауыт ардагерлері мен қызметкерлері аталмыш мерекеге орай марапаттарға ұсынылған болатын. Короновирус індеті аясында қойылған шектеулерге байланысты, мерекелік іс-шара кейінге қалдырылған болатын.  Мінекей, астана күніне орай АМӨЗ кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғалымжан Амантурлин төрт адамға марапаттарын ұсынды. 

   Ғалымжан Жыршыбекұлы өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның экономикасы үшін химия өнеркәсібінің маңыздылығын атап өтті. Атырау мұнай өңдеу зауыты ауқымды жаңғыртудан өткеннен соң мұнайхимия зауыттың дамуының  жаңа бағытына айналып, мұнай өңдеушілердің жанына жақын мерекеге айналғандығын да тілге тиек етті.    

    ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі зауыт ардагері Юрий Шкодинге табысталды. Оның АМӨЗ дегі еңбек өтілі 48 жылды құрайды. Және де сол жылдардың көп бөлігін күкірт және кокс өндірісіне арнаған. Ардагер зауыт басшылығы мен кәсіподақ ұйымына шын жүректен алғысын білдіріп, кәсіпорынға жоғары көрсеткіштер, ал ұжымға мықты денсаулық пен еңбекте табыс тіледі.
    Мұнай химия бойынша басқарушы директор Асқар Сахауов «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» атты төсбелгіге ие болды. А.Сахауов еңбегінің еленіп, мұнайхимияны меңгерудегі кәсіпорын басшылығының оған артқан сенімі үшін алғыс айтты..   
   Зауыт ардагері Аля Ковалева №6 цета (қазіргі ТОО «МУ №7») 40 жыл еңбек етіп, соның 30 жылында цех комитетінің төрайымы қызметін атқарған.Аля Федоровнаның еңбегі еленіп,  химия, мұнай-химия және соған ұқсас өнеркәсіп салалары қызметкерлерінің салалық кәсіподағының алғысын иеленді.

Кәсіподақ ұйымының атынан жақында ғана зейнетке шыққан Гуляра Өтеғалиеваға алғыс жарияланды.    Ғалымжан Амантурлин Гуляра Мақсотқызының зауыттың кәсіподағына сіңген елеулі әрі көпжылғы еңбегі мен белсенділігін атап өтті.

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться