АМӨЗ департамент директоры үздік тәлімгер атанды

11.06.2020
1344 просмотров

 "АМӨЗ" ЖШС өндірістік активтерді басқару департаментінің директоры Николай Наконечный 9 желтоқсан мен 30 сәуір аралығында өткізілген "Жас Өркен" бағдарламасының төртінші ротациясын бағалау қорытындысы бойынша үздік тәлімгерлер үштігіне кірді.

 14 тәлімгерді бағалау жас маман қызметінің тиімділігін басқару, құзыреттілікті дамыту бойынша жұмыс, тиімді мотивация, жобадағы тәртіп критерийлері бойынша жүргізілді.

  Аталмыш бағдарлама 2017 жылы жас мамандарды дамыту мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ бастамасымен іске қосылған болатын. Оның басты мақсаты – жоғары оқу орындарының талантты бітірушілерін тарту, іріктеу және дамыту.  

  

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі

 

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться