Атырау мұнай өңдеу зауытының 13 жас маманы пәтер кілттеріне ие болды

25.02.2020
1279 просмотров
Атырау мұнай өңдеу зауытының 13 жас маманы пәтер кілттеріне ие болды

2020 жылдың 25 ақпанында "АМӨЗ" ЖШС Бас директоры Ш. Данбай салтанатты түрде зауыттың 13 жас маманына пәтер кілттерін табыс етті.

Бұл 2019 жылы АМӨЗ-де жастар жылы қарсаңында әрекет ете бастаған пайызсыз несие беру бағдарламасының арқасында мүмкін болды. Осы бағдарламаны іске асыруда зауыт ForteBank пен серіктестік құрды.

"АМӨЗ" ЖШС Қазақстанда өз қызметкерлері үшін пайызсыз несие берген алғашқы кәсіпорын. Осылайша, біз зауытқа қажетті жас, білікті өндіріс мамандарына әлеуметтік қолдау көрсетеміз. Біз алдағы уақытта да олардың зауытымызда табысты жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасайтын боламыз", - деді Шухрат Данбай салтанатты рәсім барысында.

Іс-шараға "ForteBank"АҚ Басқарма Төрағасы Г. Андроникашвили қатысты, ол зауыт басшылығына ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, зауыт қызметкерлерін үйлі болуларымен құттықтады.

Бағдарлама аясында 20 қызметкерге 20 миллион теңге көлемінде пайызсыз несие беру жоспарланған. Бүгінде оны 13 адам алып, үй сатып алып үлгерді.

Бұдан басқа, АМӨЗ-де 2019 жылы жеңілдетілген тұрғын үй қарыздары туралы бағдарлама әзірленді және жаңа Viktori Park тұрғын үй кешенінде 100 пәтерлік үйдің құрылысы жүргізілуде. Ол 2020 жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі. 

 

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться