23 желтоқсан күні Атырау мұнай өңдеу зауытында инфрақұрылымдық ARMAN жобасы аясында іске асырылған, жаңғыртудан кейін күрделі жөндеуден өткен үш қабатты жаңа инженерлік ғимараттың ашылу салтанаты өтті.
Іс шараға «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Ш.Данбай, «Техноконтроль» ЖШС басшысы С.Есырева, құрылымдық бөлімшелер мен цехтардың басшылары және қызметкерлері қатысты.
Жаңартылған ғимараттың алдындағы қызыл лентаны қию рәсімі «АМӨЗ» Бас директоры Шухрат Данбайға берілсе, символикалық кілтті С.Есырева табыс етті.
«Бұл ғимарат – «ҚазМұнайГаз» қолдау білдіріп, біздің көп күш пен қаржы жұмсаған ARMAN жобасының алғашқы нәтижесі. Жұмыс берушінің ең басты міндеттерінің бірі – дұрыс, қауіпсіз, ыңғайлы жұмыс орнымен қамтамасыз ету екендігіне көзім жетеді, - деді ашылу салтанаты кезінде кәсіпорын басшысы. – Біздің зауытымыз Қазақстан бойынша жұмыс орнын басқарудағы ақылды философияны қолданысқа енгізу жағынан көш бастап тұр. Бұл ғимараттағы әрбір бұрыш – пайдалы орынға айналған».
Бас директордың сөзінше, аталмыш тәжірибені Ресейдің жетекші өнеркәсіптік кәсіпорны – "Росатом" компаниясында зерделеп, АМӨЗ-ге енгізуге бел буған.
Жарты жылға жуық уақыт аралығында ең заманауи нормалар мен ережелерге сәйкес, ғимаратта мұнайды терең өңдеу кешенінің және зауыттың басқа бөлімшелерінің инженерлері мен операторлары үшін оупен-спейстер қалыптастырды, офистік жабдықтар мен жайлы жиһаз орнатылды. Сонымен қатар мұнда конференц-залдар, тамақ қабылдауға арналған бөлмелер, шешінетін орындар,тіпті жуыну бөлмесі де бар. Барлық бөлмелер бірыңғай корпоративтік стильде жасақталған. Корпуста бір мезгілде 200 адамға дейін жұмыс істей алады. ARMAN жобасы шеңберінде әртүрлі зауыт цехтарының 16 әкімшілік-тұрмыстық кеңселерде және басқа да ғимараттарда (операторлық, диспетчерлік пункттер және т.б.) қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұндай ауқымды жаңарту АМӨЗ-де алғаш рет жүргізіліп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, ARMAN жобасы – зауыттық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша зауытта іске асырылып жатырған жаңа алты жобаның бірі.
«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі
Назад к списку новостей