11 желтоқсанда алғаш рет Атырау МӨЗ-де кәсіпорынның сатып алу қызметін ұйымдастыру мәселелеріне арналған ашық есік күні өтті. Оған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жұмыс істеп тұрған және әлеуетті жеткізушілері, отандық тауар өндірушілер, "Атамекен"өңірлік кәсіпкерлер палатасы шақырылды. Кездесу барысында екі жақты туындаған сұрақтарды талқыға салып, сатып алу мен жергілікті қамту мәселелерді дамыту, сатып алу қызметіндегі соңғы өзгерістерді ортаға салды.
Өз сөзінде Бас директордың корпоративтік функциялар жөніндегі орынбасары Л. Ақанова АМӨЗ-дің тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге қазақстанды қамтуды дамыту бойынша жүргізіліп жатырған жұмысына тоқталды. Атап айтқанда, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесу бағдарламасы туралы айтты. Әлеуетті өнім берушілердің бағдарламаға қатысуы үшін негізгі шарт кәсіпорынның қажетті тауарға ұзақ мерзімді қажеттілігі, сондай-ақ отандық аналогтардың болмауы не олардың санының немесе сапасының жеткіліксіздігі болып табылады. Л. Аканованың айтуынша, аталған бағдарлама аясында тауарларды жеткізуге кемінде үш жыл шарт жасалуы тиіс. Осының арқасында отандық тауар өндірушілер күрделі өндірістік жобаларды, әсіресе мұнай-газ өнеркәсібінде сенімді игеруге мүмкіндік алады.
Зауыт мамандары сондай-ақ сатып алу процедурасы, стандарттары мен тәртібі туралы сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ алдын ала біліктілікті іріктеудің жаңа жүйесі туралы айтты. Оған сәйкес өнім берушіні таңдау тапсырыс берушілер қалыптастырған біліктілік өлшемдері бойынша жүзеге асырылатын болады. Яғни, тапсырыс берушілердің әлеуетті өнім берушілерге біліктілік талаптарын қоюға және олардың аудитін жүргізуге қатысуға мүмкіндігі бар.
Кездесудің нәтижесі бойынша, қонақтар осындай іс-шаралардың маңызды екендігін, сонымен қатар мамандардың көмегімен өзекті мәселелерді талқылай отырып, шешу жолдарын табуға зор ықпал болғандығын атап өтті.
Назад к списку новостей