«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (бұдан әрі – Мемлекеттік әріптес), Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 44-бабына сәйкес және 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының» (бұдан әрі – Қағидалар) 133-бабына сәйкес «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС персоналына кешенді медициналық қызмет көрсету бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестігінің сервистік келісім-шарты»(бұдан әрі – МЖӘ) мемлекеттік-жекешелік әріптестігі жобасына әлеуетті жекеше әріптестің тікелей келіссөздер арқылы бастамашылық етуі туралы хабарлайды.
Келіп түскен өтінім шеңберінде тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге нақты қажеттілік:
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қызметкерлерінің денсаулығын жақсарту мақсатында кешенді медициналық қызмет көрсету бойынша қызметтерді енгізу ұсынылады:
1. Шұғыл және емдік көрсеткіштер бойынша көрсетілетін қызметтер:
1.1. Диспетчерлік қызметпен тәулік бойы байланыс:
1.2. Жедел медициналық жәрдем қызметі:
1.3. Медициналық компания мамандарының емханада және үйде медициналық қызмет көрсетуі, олар келесіні қамтиды:
1.4. CALL-орталық арқылы денсаулық жағдайын үйлестіру
1.5. Медициналық компанияның клиникасында және шұғыл және емдеу көрсеткіштері бойынша уәкілетті клиникаларда барлық аспаптық-зертханалық тексерулер және емдеу
1.6. Дәрігер немесе орта медицина қызметкерінің үйге шақырған кезде қызмет көрсетуі (жалпы практика дәрігері/терапевт/педиатр)
Үйде қызмет көрсету үшін көрсеткіштер:
Қызмет көрсету келесіні қамтиды:
1.7. Емдік көрсеткіштер бойынша физиопроцедуралар, амбулаториялық түрде
1.8.Дәрігердің тағайындауы бойынша әрбір тіркелген адамға емдік массаж жасау (бір массаж курсына кемінде 2 аймақ кіреді):
1.9. Отбасылық дәрігер мен сенім білдірілген дәрігердің жолдамасы бойынша барлық бейінді бөлімшелерде шұғыл және емдік көрсеткіштер бойынша стационарлық тексеру және емдеу:
1.10. Міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексеру (24.02.2015 жылғы №128 ҚР ҮҚ сәйкес) – жұмыс орны бойынша жылына 1 рет:
1.11. Тұмауға қарсы екпе -жұмыс орны бойынша жылына 1 рет:
1.12. Амбулаториялық емдеуге арналған стоматологиялық қызметтер және дәрі-дәрмектер:
Әлеуетті жекешелік әріптестің кешенді медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мүмкіндігі мен басталуын растайтын құжаттары болуы тиіс. МЖӘ жобасынӘлеуетті жекешелік әріптестің қаражаты есебінен іске асыру жоспарлануда.
Бюджеттен төленетін болжамды төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары:
Осы МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік бюджет қаражатынан тікелей төлемдер көзделмеген және бюджеттен мемлекеттік қолдаудың қандай да бір өзге де қаржылық шаралары жоқ.
Жекеше әріптестің шығындарын өтеудің және кірістерін алудың болжамды көздері, сондай-ақ мемлекеттік әріптестің бюджеті шеңберінде сұралатын мемлекеттік қолдау шаралары:
– мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткізу;
– есеп айырысу негізінде қызметтердің белгілі бір көлемін тұтыну кепілдігі.
МЖӘ жобасын іске асыру мерзімі 5 жыл (60 ай).
Жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей жобаларға тиесілігі: МЖӘ жобасы техникалық күрделі және (немесе) бірегей жобаларға жатпайды.
Әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын талаптар: Заңның 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Жоспарланатын МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер осы Хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысу өтініміне сәйкес баламалы ұсынысты ұсынады:
– әлеуетті жекеше әріптестің атауы мен мекенжайын (заңды және нақты) көрсетеді;
– мемлекеттік тиесілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін) көрсетеді;
- заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптестің атынан өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді көрсетеді;
- Қағиданың 128-тармағына сәйкес әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі объектіге қатысты меншік немесе ұзақ мерзімді жалға алу құқығын растайтын құжаттарды қоса береді;
– -осы хабарламаға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнама талаптарына сәйкес жасалған МЖӘ жобасының бизнес-жоспары мен қаржы-экономикалық моделі.
Өзінің сипаттамалары мен параметрлері бойынша әлеуетті жекеше әріптестердің баламалы ұсыныстары Хабарламада көрсетілгендерге тең немесе одан жоғары (Мемлекеттік әріптес үшін жақсарту жағына қарай) болуға тиіс. МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі болған жағдайда тиісті құжаттарды Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, З. Қабдолов көшесі, 1 мекенжайы бойынша қолма-қол немесе тапсырысты пошта жөнелтілімімен ұсыну қажет; e-mail: ref@anpz.kz.
Баламалы ұсыныстар осы Хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
Назад к списку новостей