Атырау МӨЗ құрмет тақтасын жаңартты

03.12.2019
1256 просмотров
Атырау МӨЗ құрмет тақтасын жаңартты

30 қарашада Атырау МӨЗ-де жаңартылған Құрмет тақтасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Құрмет тақтасында бірнеше критерий, оның ішінде кәсіби қызмет нәтижелері, сондай-ақ зауыттың дамуына қосқан жеке үлесі негізінде іріктелген Атырау МӨЗ түрлі цехтары мен бөлімшелерінің 15 үздік қызметкері ұсынылған.

"АМӨЗ"  ЖШС Бас директоры құттықтау сөзін арнап, құрмет тақтасындағы қызметкерлер туралы сөз қозғады.

"Бүгін біз зауыттың үздік қызметкерлеріне құрмет көрсетеміз.Өз қажырлы еңбегіңіз арқылы сіз кәсіпорындарды дамытуға елеулі үлес қосасыз. Біздің зауытта жоғары білікті мамандар тобы жұмыс істейді. Өз суреттерін осы жерде көретін адамдарға қол жеткізген жетістіктеріме тоқтамай, осындай жоғары деңгейде ұстап тұруды, ал олардың жолдастарына келесі жылы осы құрметті орындарға ие болуды тілегім келеді".

Зауыттың үздік қызметкерлерін марапаттау зауыт үшін жыл сайын дәстүрге айналды.Зауыттың ерекше көзге түскен қызметкерлері зауытты дамытуға қосқан зор үлесі үшін тиісті куәліктер мен материалдық ынталандырулар алды.


"АМӨЗ" ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі»

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться