АМӨЗ-бірлік пен татулық мекені

09.09.2019
1085 просмотров
АМӨЗ-бірлік пен татулық мекені

7 қыркүйек күні Қазақстан мұнайының 120 жылдығы құрметіне, сондай - ақ Атырау мұнай өңдеу зауытының  74 жылдығы қарсаңында  зауыттың 500-ден астам жұмысшылары табиғат аясына демалысқа шықты.

"Біздің зауытта ең заманауи жабдықтар, сондай-ақ өндірістік үдерісті басқару жүйелері мен бағдарламалары енгізілген. Бірақ барлық үдерістердің артында адамдар тұр, яғни өз ісінің кәсіпқой мамандары. Сондықтан қызметкерлер-біздің басты байлығымыз", - деп атап өтті Ш. Данбай.

Оның айтуынша, ұжымның күші - оның бірлігінде. Ол үшін осындай іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Жалпы алғанда ойындарға 50 адамнан 10 команда құралды. Команданың ерекшелігі қатысушылардың бас киімінің түсі болды. Команда құрудағы басты шарт-оның мүшелері бір цехта жұмыс істемеуі керек. Осылайша, бір командада лаборанттар мен қондырғылардың операторлары, жүргізушілер мен технологтар болды. Екі жарым сағат бойы зауыттықтар тек турлардан өту жылдамдығымен ғана емес, сондай-ақ тапқырлықтан жарысты. Барлық командаларға 10 түрлі сынақтардан өтуге тура келді.

Мереке кезінде лотерея ұйымдастырылып, жеңімпаздарға – телефонның қалталы қуаттандырғыштары, планшеттер мен велосипедтер секілді бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Көңілді жарыс нәтижесінде ең көп ұпай жинаған командалар анықталып, оларға Real sport спорт кешенінде түрлі спорттық бағдарламаларға айлық абонементтер табыс етілді.

Ойын соңында зауыттың Бас директоры  зауыттықтарға осындай үздік командалық жұмыс тіледі.

«АМӨЗ» ЖШС Қоғаммен байланыс бөлімі

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться