«Біз осы экологиялық таза көлік түрін зауыт аумағы бойынша біздің қызметкерлердің қозғалысын жеңілдету мақсатында арнайы сатып алдық.Екінші жағынан, біз отын көлігінің шығындарын қысқарттық, сөйтіп қоршаған ортаға теріс әсер азаяды. Бұл біздің әрдайым ұмтылған тиімділік, қауіпсіздік және сапаның белгісі: ", - деп атап өтті Бас директор Ш. Данбай зауыт қызметкерлеріне қозғалыс құралдарын табыстау рәсімінде.
Айта кету керек, Бас директор велосипедтердің сапасын өзі тексеріп, зауыт территориясында АМӨЗ қызметкерлерінің қостауымен шеңбер жасады.
"MAC SERVICE" (Қазақстан) ЖШС-нің 3 түрлі үлгідегі велосипедтері жылдық кепілдікке ие. Осы уақыт ішінде компания сервистік қызметтерді тегін көрсететін болады. 200 велосипед үшін 40 велотұрақ жасақталды. Жақын арада АМӨЗ аумағында қызмет көрсететін аутсорсингтік компаниялардың қызметкерлері де экологиялық таза көлік түріне көшуді жоспарлауда.
Назад к списку новостей