ARMAN жобасының аясында АМӨЗ-де өндірістік қызмет ғимараттары қайта жаңғыртылмақ

14.08.2019
1217 просмотров
ARMAN жобасының аясында АМӨЗ-де өндірістік қызмет ғимараттары қайта жаңғыртылмақ

2019 жылдың II тоқсанынан бастап Атырау МӨЗ-де бас директор Ш. Данбайдың бастамасымен ARMAN жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның атауы оның зауыт қызметкерлері үшін, олардың тілектеріне қарай ең жақсы еңбек жағдайларын ұйымдастыруға бағытталғандығын бейнелейді. Жоба зауыттықтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жетілдіруге бағытталған.

     «Біздің басты құндылығымыз – бұл адамдар. Сондықтан, біз ең алдымен, олардың еңбек өнімділігінің деңгейін арттыру үшін жұмысшылар үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Сондай-ақ, жұмыс орнын тиімді жоспарлау және тиімді еңбек атмосферасын құру маңызды»,- деп атап өтті «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Шухрат Данбай.  

      Айта кетейік, мұндай жоба зауытты технологиялық жаңғырту жылдары ішінде өндірістік цехтардың әкімшілік-тұрмыстық бөлмелерінде алғаш рет жүзеге асырылуда.

      ARMAN шеңберінде бірыңғай стандарт бойынша мұнайды қайта өңдеу және мұнай өнімдерін терең күкіртсіздендіру қондырғысының әкімшілік-тұрмыстық кешендерінің ғимараттарында, мұнайды тереңдетіп өңдеу қондырғысында, бензин мен дизель отынын гидротазарту құрамдастырылған операторлығында және ЭЛОУ – АТ-2 және ЭЛОУ-АВТ операторлар ғимараттарында қайта жаңарту жүргізілуде.

Сонымен қатар, санитарлық стандарттарға сәйкес бірыңғай корпоративтік стильге аталған цехтардың санитарлық-тұрмыстық үй-жайлары қайта жабдықталатын болады, сондай-ақ зауыттың 175 қызметкерлеріне арналған кеңселік оупенспейстер құрылады. Бұдан басқа жаңа жиһаз сатып алынады: ыңғайлы үстелдер, жайлы орындықтар, үй-жайларды жылыту және желдету сплит-жүйесі орнатылады.

Құрылыстың сапасын бақылауды зауыттың тиісті қызметі техникалық және авторлық қадағалаумен бірге жүргізеді.

Қазіргі уақытта жұмыстар белсенді іске асырылуда.

Жаңартылған үй-жайларды қызметкерлер жыл соңында жайғастыра алады.

ARMAN жобасы-зауыт инфрақұрылымын жаңғырту бойынша биылғы жылдан бастап зауытта іске асырылып жатқан алты жаңа жобаның бірі. Сондай-ақ, зауытта Bailanys жобасы шеңберінде телекоммуникациялық желілер жаңғыртылуда; Jana Jol жобасы шеңберінде зауытішілік жолдар қалпына келтіріледі; 5S шеңберінде жұмыс орындары ретке келтіріліп, стандартталуда; Jeti Qazyna жобасы бойынша орталықтандырылған мұрағат және арнайы киімдерге қызмет көрсету орталығы құрылады; TAZALYQ жобасы шеңберінде тазарту құрылыстары жаңғыртылады.

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться