АМӨЗ қызметкерлеріне 100 пәтер

06.08.2019
1088 просмотров
АМӨЗ қызметкерлеріне 100 пәтер

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС зауыт жұмысшыларының өмір сүру жағдайларын жақсарту аясында салынып жатырған үйден 100 пәтерді зауыттың дамуына елеулі үлес қосып және болашақта өркендеуіне себепші болатын (бағалы) қызметкерлерге сатып алмақшы.

«Бизнес-класс үйінде пәтерлерді бөлу кезінде біздің зауыт қажет ететін мамандарға басымдық беріледі. Бірінші кезекте, олар болашақта отандық мұнай өңдеу және мұнай химиясы элитасы болатын инженерлік - техникалық қызметкерлер, - деп атап өтті Бас директор Ш. Данбай.

       Бұл ретте АМӨЗ басшысы қызметкерлердің әлеуметтік әл - ауқатына қамқорлық жасау-олардың еңбек жағдайларын жақсарту, өмір сүру сапасын арттыру кәсіпорын қағидаттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

       Атыраудағы көп қабатты тұрғын үй құрылысы "АМӨЗ" ЖШС Бас директоры Ш. Данбайдың бастамасымен "ҚазМұнайГаз "ҰК"АҚ қолдауымен басталды. Бұл бастама зауыт қызметкерлері үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға, олардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға, ынтасын арттыруға бағытталған.

Тұрғын үй зауыт жасақтаған шарттарға сәйкес берілетін болады. Пәтерлерді бөлу туралы шешімді тұрғын үй жағдайлары мен қызметкерлердің кәсіби жетістіктерін ескере отырып, арнайы тұрғын үй комиссиясы қабылдайтын болады.

Құрылыс жұмыстарын аяқтау пәтерлерді пайдалануға беру 2020 жылдың тамыз айында жоспарлануда.

Анықтама үшін: "Victory Park" тұрғын үй кешені Ақ шағала шағын ауданында Жайық өзенінің жанында орналасқан. 1-4 бөлмелі пәтерлерде 49,96-дан 109,34 шаршы метрге дейін тұрғын алаңы бар. Тұрғын үй кешенінде жер асты паркинг орналасқан.

Пәтер салу туралы шарт "Bastau Construction"ЖШС-мен жасалды.


Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться