АМӨЗ де арнайы киіммен қамтамасыз ету орталығы құрылуда

30.07.2019
1143 просмотров
АМӨЗ де арнайы киіммен қамтамасыз ету орталығы құрылуда

Арнайы киімдерді қамтамасыз ету орталығы, жаңа мұрағат және химиялық тазалау «Атырау МӨЗ» Бас директоры Шухрат Данбайдың бастамасымен "Жеті қазына"атты тағы бір жоба аясында құрылмақшы.

Арнайы киім, аяқ киіммен қамтамасыз ету жүйесі жаңа сервистік модельге өтіп жатыр. Орталық қоймаға аяқ киім мен арнайы киімнің түсуі, қызметкерлерге таратылуы, жуу, химиялық тазалау, қиыстырып келтіру және кәдеге жарату цифрландырылады: әрбір жиынтық қызметкерге тиесілілігі бойынша чиптелетін болады. Жоба аясында қоймалар ұйымдастырылып, өлшеп, жеке өлшемдерін анықтау, химиялық тазалауға беру және ұсақ жөндеуге арналған бөлме дайындалады. Сөйтіп, қызметкерлер жұмыс орнында қауіпсіз қызмет атқару үшін жедел түрде жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Орталықтың жанынан барлық талаптарға сай құжаттарды сақтауға арналған орталықтандырылған мұрағат орналасатын болады. Онда зауыт жаңғыртуының 3 кезеңінің барлық құжаттары сақталатын болады.

Қазіргі таңда құрылысшылар Jeti Qazyna жобасы аясында жобалық сметалық құжаттарға сәйкес ғимараттарды жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті. Жеке алғанда қабырғаларды бөлшектеу, төбесі мен еденін, инженерлік коммуникацияларды жаңарту сынды жұмыстар жүргізілуде. Ғимарат қатаң түрде корпоративті стильде әрленетін болады.

Jeti Qazyna жобасын іске асыруды осы жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі



Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться