Зауыт ішілік жолдардың 80% -ы жаңартылды

22.07.2019
1144 просмотров

Атырау мұнай өңдеу зауытында Бас директор Шухрат Данбайдың бастамасымен «Jana Jol» жобасы енгізіліп, зауыт ішілік жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ескі жол жиектерін бөлшектеу, жерасты коммуникацияларының тоғысу қиылысын бетондау, екі қабаттан тұратын асфальттың бетін қырып, жаңа қабат төсеу сынды жұмыстар жасалынуда. Қазіргі таңда жол құрылысы жұмыстарына 64 қызметкер мен 24 арнайы бірлік техника жұмылдырылды.

Жол жабынының жалпы ауданы 56979,94 кв метрді құрайды. Бүгінде жол-құрылыс жұмыстарының 80% -ы орындалды.

Қызмет көрсететін автокөліктердің және зауыт қызметкерлерінің қозғалыс қауіпсіздігі үшін 16 автобус аялдамасының құрылысы қарастырылған.

Сонымен қатар, АМӨЗ Бас директорының тапсырмасымен, зауыттықтардың цехтар арасында қозғалысына қолайлы жағдай туғызу үшін 200 жаңа велосипед сатып алынды.

Жөндеу жұмыстарын 2019 жылдың қазан айының соңында аяқтау жоспарлануда.

Jan ' a Jol жобасы – зауыт инфрақұрылымын жаңғырту бойынша биылғы жылдан бастап зауытта іске асырылып жатқан алты жобаның бірі. Мәселен, кәсіпорында Arman жобасы аясында әкімшілік-тұрмыстық бөлмелер жөнделуде; Bailanys жобасы аясында телекоммуникациялық желілер жаңғыртылуда; 5S жобасы шеңберінде жұмыс орындары стандартталады; Jety Kazyna жобасы бойынша орталықтандырылған мұрағат және арнайы киімдерге қызмет көрсету орталығы құрылуда; TAZALYQ жобасы аясында тазарту құрылыстары жаңғыртылуда;.

«АМӨЗ» ЖШС Қоғаммен байланыс бөлімі

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться