2019 жылдың маусым айынан бастап Атырау мұнай өңдеу зауытында зауыттың бас директоры Ш.Данбайдың бастамасымен «Bailanys» жобасын іске асырыла бастады."ҚазМұнайГаз "ҰК АҚ Басқарма төрағасы А. Айдарбаевтың барлық еншілес компанияларда телекоммуникациялық желілердің диагностикасы мен аудитін жүргізу және деректерді беру желілерін жаңғырту туралы тапсырмасы осы жобаны әзірлеудің алғышарты болды.
Бұл жобаның басты мақсаты - телекоммуникациялық желілерді жаңғырту.Жоба аясында зауытта деректерді және дауыстық трафикті беруді оңтайландыруға, ресурстарды бөлуге және кәсіпорынның түрлі ресурстарына бірлескен қолжетімділікті ұйымдастыруға мүмкіндік беретін бірыңғай ақпараттық кеңістік құрылатын болады.
«Bailanys» жобасы екі кезеңнен құралады. Бірінші кезеңде белсенді желілік жабдықты толық ауыстырылады, сондай-ақ ескірген аналогтық автоматты телефон станциясын жаңа IP-телефонияны қолдайтын телефон станциясына ауыстырылады және зауыт ғимараттарында жіксіз төсемді Wi-Fi модульдері орналастырылады.Екінші кезеңде АЖІШ бағдарламалық–аппараттық кешенін (жедел–іздестіру іс-шараларының құралдары) сатып алу және орнату жоспарлануда.
Сонымен-қатар талшықты - оптикалық байланыс желісі жаңартылады, бейне және конференц-байланыстың жаңа жүйелері енгізіледі, бұл зауыт қызметкерлеріне кәсіпорын аумағында кез келген жерде бола отырып, бірлескен жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
Бұл жобаны аяқтау 2020 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.
Bailanys жобасы-зауытта биылғы жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан зауыттық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі бес жаңа жобаның бірі. Мәселен, кәсіпорында «Arman» жобасы аясында әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар жөнделуде; «Jana Jol» жобасы аясында зауытішілік жолдар қалпына келтірілуде; «5S» жүйесі шеңберінде жұмыс орындары реттелді, стандартталады; «TAZALYQ» жобасы шеңберінде тазарту құрылыстары жаңғыртылуда.
"АМӨЗ" ЖШС қоғаммен байланыс қызметі»
Назад к списку новостей