АМӨЗ мен мердігер ұйымдар зауыт нысандарында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы келісімге қол қойды

03.07.2019
1132 просмотров
АМӨЗ мен мердігер ұйымдар зауыт нысандарында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы келісімге қол қойды

3 шілде күні күрделі жөндеу дайындығы аясында алғаш рет Атырау мұнай өңдеу зауытында өндірістік нысандарында жұмыс жүргізетін мердігерлік ұйымдардың басшыларымен жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Аталған кеңеске зауыттың бас директоры Ш. Данбай, "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ өкілдері және цех бастықтары қатысты.

"Технологиялық қондырғыларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу 10 шілде күні басталады және шілде айының соңында аяқталады. Күрделі жөндеуді белгіленген мерзімде аяқтау үшін біз 20-дан астам мердігер ұйымды, 762 маманды, сондай-ақ 49 бірлік техниканы тарттырудамыз. Біздің зауыт қауіптіліктің 1-санатты кәсіпорыны ретінде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің барлық талаптары мен ережелеріне сәйкес келуі тиіс. Жөндеу жұмыстарының сәтті аяқталуы, әр маманның жеке үлесіне байланысты", - деді өз сөзінде Ш. Данбай

Іс-шара аясында зауыт үшін маңызды сәт орын алды : "АМӨЗ" ЖШС-нің бас директоры Ш.Данбай және мердігер ұйымдардың басшылары Атырау мұнай өңдеу зауытының нысандарында жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау және ұстану туралы келісімге қол қойды. Осы келісімде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының алтын ережелерін» мүлтіксіз сақтау, нөлдік төзімділік ережелерін, еңбек тәртібін және басқа да ережелерді сақтау бекітілді.

Мердігер ұйымдардың басшылары өз кезегінде қол қойылған құжаттың жоғары маңыздылығын атап өтіп, зауыт басшылығын аталған ережелердің қатаң сақталатынын айтты.

«АМӨЗ» жұртшылықпен байланыс бөлімі

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться