Шухрат Данбай сенаторларға зауытты қайта жаңғыртудың екі кезеңі – ароматикалық 2019 жылдың 3 мамырында Атырау облысындағы жұмыс жоспары бойынша ҚР Парламентінің Сенат депутаттары Атырау мұнай өңдеу зауытында болды. Делегаттардың қатарында: Перепечна О.В., Дюсембаев Г.И., Енсегенов С.К. және тағы да басқа депутаттар болды. Кәсіпорынды аралау кезінде «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры көмірсутектер өндіру кешені мен мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені туралы айтып берді.
Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің маңызды обьектілерінің бірі каталитикалық крекинг қондырғысының жанында - зауыт бас директоры қайта жаңғыртудың екі кезеңі ішкі нарықты К4 және К5 экологиялық стандартына сай мұнай өнімдерімен қамтамасыз етіп отырғандығы жөнінде, өнеркәсіптің қуатын 500 мың тоннаға – яғни жылына 5,5 млн тоннаға арттырып отырғандығын, ашық түсті мұнай өнімдерін 71% ға, жақын арада өңдеу тереңдігін 90% ға дейін көтеруге ықпал еткендігін жеткізді. Сонымен қатар Шухрат Данбай 2018 жылдың аяғында АМӨЗ өнеркәсіптік көлемде параксилол, РТ әуеотыны өнімін(2020 жылдан бастап – көлемі жылына 251 мың тонна болатын JET А1)шығара бастағандығын, Khazar -32 дизель отынының жаңа түрін шығара алатындығын мәлімдеді. Сонымен қатар мұнай-химиялық шикізат бензолды да үздіксіз өндіруде.
Сонымен бірге АМӨЗ Бас директоры сенаторларға зауыт ұйымдастырып отырған табиғатты қорғау іс шарасы жөнінде айтты. Яғни, TAZALYQ жобасы туралы сөз қозғалды, ол дегеніміз зиянды заттар шығарындыларын бақылауға арналған заманауи технологиялық үрдістер мен жүйелерді енгізуді көздейтін, олар ағын суларды жоғары сапалы тазартуды қамтамасыз етіп, ауаға ластаушы заттардың түсуін азайтады және атмосфераға ластаушы заттардың кетуін тоқтатады. Осы мақсатта механикалық және биологиялық тазарту қондырғыларын жаңғырту, булану алаңдарына жабық дренаждық жүйелер салу және булану алаңдарын рекультивациялау жоспарын түсіндірді. Жоба 2019 жылы басталып және 2026 жылға дейін жалғасады. TAZALYQ жобасының арқасында тазартылған ағынды сулардың сапасы мәдени-тұрмыстық судың нормаларына келтіріледі, тазартылған судың 70% -ы зауытта қайтадан пайдаланылатын болады деді Бас директор.
Бұдан бөлек депутаттарға «АМӨЗ» ЖШС қызметкерлерді дамыту бойынша әлеуметтік бағдарламалар пен жас мамандарды даярлау және де кәсіпорынның мәдени өмірі таныстырылды.
АМӨЗ аумағын аралап болған соң сенат депутаттары зауыт қондырғыларын қауіпсіз әрі тәртіпке сай бақылауға мүмкіндік беретін кәсіпорынның бірыңғай операторлығына барды. Бұл операторлықта өндірістегі барлық ақпарат онлайн режимде шоғырланып, үздіксіз мониторланады.
Кездесу соңында депутаттар АМӨЗ ұсынған экологиялық бастамаға қолдау білдіріп, жобаның сәтті түрде жүзеге асуын тіледі.
Назад к списку новостей