Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа ағын суларды тазарту құрылысын салады

18.03.2019
1201 просмотров
Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа ағын суларды тазарту құрылысын салады

Бұл туралы 2018 жылды қортындылау бойынша еңбек ұжымымен кездесу барысында «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Шухрат Данбай хабарлады.

«Біз жаңа тазарту құрылғысын саламыз, сол себепті осы жылы жаңа TAZALYQ жобасын жүзеге асырмақшымыз. Біз әлемдік мұнай өңдеу зауыттарының тәжірибесін зерттедік, және де дереу жаңа заманауи кешеннің жобасын жасақтауға кірісеміз. Әрекет ететін кез келді», - деді мекеме басшысы Шухрат Данбай.

Тазарту нысандарын жаңарту 4 кезеңде жүргізіледі: 1 механикалық тазалау желісінің құрылысы, биологиялық ағынды суларды тазартуды қайта құру, соңғы тазалау қондырғысының құрылысы және 2 механикалық тазалау желісінің құрылысы.

TAZALYQ жобасын енгізу Жайық өзенінен су алуды көп сатылы тазарту жүйесін пайдалану арқылы азайтады, сондай-ақ ағынды сулардан ластаушы заттардың 99,9% жойылады.

Ең бастысы - кәсіпорынның қоршаған ортаға тигізетін кері әсері айтарлықтай төмендейді.

Қайта жаңғыртуды 2023 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.

«АМӨЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться