Егемендік алған сәттен бастап, біздің халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және өзгерістермен жалғастырып келеді, сол жолда әрқайсысымыздың еңбегіміздің бір бөлігі бар. Тәуелсіздік болашаққа батылдықпен қарауға, біздің алдағы өмірімізді анық көруге мүмкіндік берді. Бүгін біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру арқылы сенімді түрде алға жылжудамыз. Бірлік пен келісім біздің басты байлығымыз бен құнды жетістігіміз болды. Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі жолында сіздерге зор денсаулық,мол бақыт, ізгілік, өркендеу, бейбітшілік пен табыстарға жетуіңізді тілеймін!
«АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Ғалымжан Амантурлин
Назад к списку новостей