2018 жылдың 18 қазан күні «Құтқарушылар күні» кәсіби мерекесіне орай, «Өрт сөндіруші» АҚ Атырау облысы филиалында салтанатты жиын өткізілді. Аталған мерекелік жиынға филиалдың аппарат қызметкерлері және бөлім бастықтары қатысты.
Мерекелік жиын барысында филиал директоры Юрий Толстов филиал жұмыскерлерін мерекемен құттықтап, «Өрт сөндіруші» АҚ президентінің «Алғыс хатымен» үздік қызметкерлерімізді марапаттады.
Оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауыты №16 ӨСАҚБ қарауыл бастығы – Серік Таженов те болды. Марапатталушылар әр сәтте өмірлерін қатерге тігіп, батырлық пен батылдық танытып өз қызметтерін адал да қайраткерлікпен атқарып келгені үшін, азаматтық қорғаудың мемлекеттік емес жүйесін дамыту мен нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, мерекеге орай 2018 жылы 19 қазан айында кәсіби мереке қарсаңында Атырау қаласының «Жеңіс бағында» Атырау облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ жоспары бойынша шара өткізілді: қазіргі заманғы өрт сөндіру және құтқару техникаларын, шағын механизациялау құралдар мен жабдықтар көрмесі өтті.
Сондай ақ, Қызметтің барлық өрт сөндіру бөлімдері мен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің арасында өрт сөндіру кроссфиті бойынша жарыс өткізілді.
Жарыстың мақсаты өрт сөндіруші мен құтқарушы мамандықтарын танымал ету, салауатты өмір салтын және спорттың түрлерін насихаттау, кәсіби қызметте дене шынықтырудың рөлін арттыру, Атырау облысының құрама командасы үшін үздік спортшыларды анықтау.
Аталған спорттық шараға мемлекеттік өрт сөндіру қызметінен 11 команда және мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінен «Өрт сөндіруші» АҚ Атырау облысы филиалының 1 командасы және «NCOC» командасы қатысты. Әр команда құрамы 3 адамнан құралып, барлығы 39 адам қатысты, оның ішінде 1 қатысушы басшылар құрамынан – команданың өкілі ретінде және 2 адам – жарысқа қатысушылар.
Өрт сөндіру кроссфиті үлкен автошинаны бір жерден екінші жерге аунатып апару, жеңіл автокөліктің автошинасын зілбалға көмегімен бір жерден екінші жерге жанынан соғып, ығыстыру, өрт сөндіру жеңдерін бүктеп жинап, екінші жерге көтеріп апару, 24 және 32 кг-дық кір тасын көтеру, автокөлікті сүйреу және т.с.с. 13 кезең бойынша өткізілді.
Осы сайыста Атырау мұнай өңдеу зауытының №16 ӨСАҚБ өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі Бейбіт Бохатов ең үздік қатысушы болып танылып, жүлделі 1 орынды иеленді.
Назад к списку новостей