Іскерлік әріптестік

17.09.2018
1182 просмотров



 
Қазақстан қазіргі таңда дамыған елдердің қатарында екендігі бесенеден белгілі. Жылдан жылға елімізге қызығушылық танытып, кез-келген мекен тұрғындары Қазақстанға сапар шегуді армандайтындығы да жасырын емес. Соның ішінде Атырау облысы өзінің мұнай саласындағы еңбегінің арқасында көптеген туристердің назарын аударуда. 






Оған дәлел Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың атына келген «DEinternational Kasachstan» ЖШС Бас директоры, Орталық Азиядағы Неміс экономикасының өкілдігінің басшысының орынбасары Катарина Кохтың жолдаған хаты еді. Сол жоспар бойынша 10 қыркүйек күні Атырау мұнай өңдеу зауытына машина жасау секторынан жабдықтарды өндірушілер, химия және мұнай-химия өнеркәсібі және мұнай-газ өнеркәсібі үшін қондырғылар мен технологиялар жеткізушілері сынды Неміс кәсіпкерлері табан тіреді.
Мұнайлы астана болғандықтан Атырау облысында болған қонақтарымыз, сонымен бірге Қазақстанның барлық қалаларынан кәсіпкерлерді жинаған. Делегация 16 адамнан құралған. Онда: Германияның машина жасау одағының маманы, «H.Butting GmbH +Co KG», “Drager Safety AG & Co. KGaA», “Flottweg SE», “Flux-Gerate GmbH», “Klopper-Therm-Vertriebs-GmbH», “Samson AG» және басқа да ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері болды. Бұл кәсіпорындардың әрқайсысы әлемдік өндірістің лидерлері болып табылады.
Меймандар зауыт басшылығымен кездесіп, кейін зауыт территориясын аралап, өздерінің таңданыстарын жасырмады. Зауыттың атқарып жатырған жұмыстарын көріп, салынған жаңа қондырғылардың қызметімен таныс болып қайтты. Атырау облысының әкімдігі мен зауыт басшылығына ризашылықтарын білдірді. Алдағы уақытта байланыстарын үзбей зауытпен бірлесіп жұмыс істеуге ниет етті.

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться