Атырау МӨЗ-нің баяу кокстеу қондырғысында жаңа су салқындатқыш имараты іске қосылды

07.11.2017
1246 просмотров

Атырау МӨЗ-нің кокс және күкірт өндірісінің баяу кокстеу қондырғысының ақаба суларын тазарту құрылғыларында жаңа  су салқындатқыш имараты іске қосылды.

Аталмыш объект  2016-2020  жылдарға құрылған зауыттың сумен қамту және суды бұру жүйесін жаңартылуын жүзеге асыру шаралар жоспарының аясында көтерілді.
Жаңа имаратты іске қосу  тазартылған суды кокс өндірісінде қайта пайдалану коэфициентін көтеруге, сондай-ақ су блогында айналым су шығынын төмендетуге  және механикалық тазарту құрылғылары мен ақаба сулардың биологиялық тазартуын атқаратын  қондырғыға түсетін салмақты азайтуға  мүмкіндік береді.
   Бұрын баяу кокстеу қондырғысының ақаба сулары кәріз жүйесіне тусіп, зауыттың тазарту құрылғыларына жіберіліп, толық тазарту циклінен, соның ішінде ақаба сулардың биологиялық тазарту жүйесінен өтетін болатын. Жаңа имараттың іске қосылуымен жылына өндірістік су ағызу көлемін 325 мың тонна азайту, ал Жайық өзенінің суын қолдану көлемін жылына 500 мың  тонна азайту күтілуде. Жалпы алғанда зауытта судың тиімділік коэффициентінің күтілетін ұлғаюы 0,41 пайызды құрайды. Осының нәтижесіндегі экономикалық тиімділік жылына 219 миллион теңге құрайды деген есебіміз бар.
Іске қосылған жаңа имарат атқаратын технологиялық процесстің барысында баяу кокстеу қондырғысының (БКҚ) механикалық тазарту құрылғысынан өткен су қызуы  600С –тан 290С – ке дейін түсіп, қондырғыға қайта жіберіледі.
Жаңа имараттың негізгі технологиялық жабдығы қалың  және тат басудан қорғаныш жабындымен (БМГ-350) өңделіп, илемделген металлдан жасалған қаңқасы бар және жарылыстан қорғалған екі электр қозғалтқышты сорғымен жабдықталған  екі блок-модульдік құрылғы болып табылады.  
Жобалық көрсеткіштерге жету мақсатында имараттың  тәжірибелік-өндірістік жүрісі жүзеге асырылды, содан соң жаңа имарат сәтті іске қосылды.
   

" АМӨЗ" ЖШС Жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімі

 

                                          

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться