Кешен құрылысына талап күшейді

25.04.2017
1227 просмотров

Өткен аптада Атырау мұнай өңдеу зауытында «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ-ның аға вице-президенті Данияр Тиесов жұмыс сапарымен болды. Ол  Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысы инвестициялық жобасын жүзеге асыру бойынша арнайы жиналыс өткізді. Оған Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығы, «Sinopec Engineering (Group) Co., Ltd.» және НГСК «КазСтройСервис» АҚ, «Marubeni Corporation» компанияларының өкілдері қатысты.

Алдымен «Sinopec Engineering (Group) Co., Ltd.» компаниясының кешен құрылысы бойынша өкілі есеп берді. Қытайлықтар кешенді қосып-баптау жөніндегі мамандарын сәуір айының аяғында әкеле бастайды. Ол жөнінде бәрі келісілген. Жиналыс барысында жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты қосымша қаржы жағын шешу талқыланды. Д.Тиесов НГСК «КазСтройСервис» АҚ-ның жұмысына көңілі толмайтынын атап өтті. Саяси маңыз берілген жоба құрылысында компания мерзім мен сапа жағынан салғырттық танытып отыр. Инженерлік құрам, тасымалдаушылар және субмердігер мекемелер арасында проблемалар бар. Сондықтан да барлық күрмеулі мәселелерді шешуге мамыр айына дейін уақыт берілді. Сонымен қатар «КазСтройСервис» АҚ -на алда аралық жұмыстарға қажетті қондырғылар мен материалдарды нақты уақытында әкелу, мерзімінен кешіктірмеу талап етілді. Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенін қосып-баптау жұмыстары бойынша кешеннің бас технологы Дмитрий Макеев баяндады. Қосып баптау жұмысы екі кезеңнен тұрады. Бірінші және екінші кезең бойынша қандай технологиялық қондырғылар қосылатыны нақтыланды. Мұнай өңдеу зауытында қосып-баптау жұмыстарын жүргізу жөнінде ұйымдастырушылық құрылымы жасақталып, бекітілген. Кешенде жұмыс істейтін мамандар мен персоналдар толықтай жиақталды. Енді оқытылып жатыр.

     Жиналысты қорытындылаған Д.Тиесов жобаның ел экономикасы үшін маңызды екенін атап өтіп, мердігерлерге құрылысты жауапкершілікпен және сапалы жүргізуді нықтады. Кешен іске қосылған кезде шығарылатын өнім халықаралық стандарттарға толығымен жауап беруі тиіс. Ол болашақта жанар-жағар майды экспортқа шығаруымызға жол ашпақ.  

 

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться