Тарихи шаһарға тарихи ескерткіш орнатылды

11.10.2016
1562 просмотров

    Биыл Атырау қаласының құрылғанына 376 жыл. Мұнайлы астана мәртебесі бар қала тұрғындары бұл мерекені сән-салтанатымен атап өтті. Қаланың бірнеше жерінде бір мезгілде түрлі шаралар ұйымдасытрылып, атыраулықтарға шынайы мерекені сездірді. Соның бірі де бірегейі- Атыраудың қақ ортасында ашылған ежелгі кәсіптің нышанын айғақтайтын мұнай тербелмесі нысаны болатын. 

Ескерткіш ретіндегі мұнай тәрбелмесінің ашылуына Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов және жергілікті мұнай өндірісінің, мұнай өңдеу ісінің ардагерлері қатысты. Қалалықтарды меркемен құттықтаған шаһар басшысы Серік Шапкенов: «- Атырау қаласының тарихы тереңде жатыр. 376 жыл бұрын Гурьев балықшылар қалашығы болса, талай дәуірді бастан өткере келе, тәуелсіздігіміздің арқасында ірі мұнай астанасына айналды. Бұл тарихи ескерткіш сол Атырауымыздың мұнайлы астана мәртебесін айқындайды. Сіздерді облыс әкімінің атынан, өз атымнан қала күнімен шын жүректен құттықтаймын!» Бұл күні сәулеттік нысанның ашылуына әсіресе, ардагерлер дін риза. Осындай бастаманы көтерген де жергілікті байырғы мұнайшылар болатын. Міне, ескерткіш қаланың көркі әрі, елдің 100 жылдан астам тарихи кәсібінің нышаны. Мұнайшы-ардагер Бағыт Сматуллин мұнайшылар атынан толқып тұрып, ізгі тілегін білдірді: «- Аймақта мұнай өндіріле бастағынына ғасырдан астам уақыт өтті. Осы кезеңде мұнай кәсіпшілігі атыраулықтардың байырғы кәсібіне айналған болатын. Талай мұнай өндірісінің, өңдеу ісінің майталмандары тәрбиеленіп шықты. Бұл ескерткіш ұрапақтарға өнеге деп білеміз. Атырауды күллі әлемге танытып отырған да осы мұнай өндірісі. Сондықтан осындай мұнай тербелісін орнатып, мәртебемізді өсірген облыс, қала басшылығына ризашылығымыз шексіз». Жалпы Атырауға мұнай нышанын орнату жөнінде бастама көтерілгелі де біраз жылдың жүзі болған. Оған мұнайшы ардагерлер бастамашы болып, тұрғындар қолдау көрсеткен-ді. Міне, осындай символ Атырау қаласының 376 жылдық мерекесінде ашылып отыр. Бұл өндіріске арнап шығарылған СК-5 сериясының шынайы тербелме-станогы. Оның биіктігі – 4 метр, 5 тоннаға дейін салмағы бар. «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай кеніштерінің біренен жеткізіп берген. Ескерткішті орнатуды кәсіпкерлер мойындарына алып, бюджеттен ешқандай қаржы шықпаған. Нысанның айналасын абаттандыруды да бір компания өз қолына алды. Ал, көгалдандыруы бойынша айналасына жүздеген ағаш отырғызылмақ. Атырау қаласының күнінде ашылған сәулеттік нысан салтанатына Атырау мұнай өңдеу зауытының ардагерлері мен қызметкерлері де қатысып, қуанышпен бөлісті. Ескерткіш маңында естелік суретке түсіп, әсерлерімен бөлісті. Төлеген Аймағамбетов, зауыт ардагері: Зейнетке шыққаныма 1-2 айдың жүзі болды. Соған қарамастан осындай игі шараға зауыт басшылығы шақырып жатыр. Ризашылығым шексіз. Өзімді шын ардагер ретінде сезіндім. Ал, мұнайлы астаманмызға осындай нышан әрине, қажет. Бұл біз үшін- мұнай өндірушілер мен өңдеушілер үшін үлкен мақтаныш. Ұрпақтарымыз ертең мақтаныш етеді. Атырау қаласының күнімен замандастарымды құттықтап, бір-бірімізбен кездесіп жасап қалдық. Мереке құтты болсын! Қанат Меңдіғалиев, зауыт ардагері: Өте қуаныштымын. Мұнайлы өңірдің нышаны болуы керек қой, Атырауда! Сол күнге жетіп отырмыз. Қаланың қақ ортасынан мұнай тербелісін орнатты. Ол күндіз-түні бәрімізге, қалаға келетін қонақтарға мұнайлы астана екенімізді білдіртіп тұрады. Ардагер ретінде осындай ескерткіштің ашылу салтанатына қатысып, байырғы мұнайшылармен кездестік. Облыс, қала басшылығы құттықтап жатыр. Бізге ізгі ниеттен басқа, осындай қуаныштан басқа не керек?! Атырау қаласының күні құтты болсын!

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться