Экологиялық ахуал ақпараты

06.10.2016
1432 просмотров

(2016 жылдың 29 қыркүйегі мен 5 қазан аралығы)

Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 100 100 м3 құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ. Буландыру тоғанына биологиялық тазартылған сарқынды су көлемі 50 315 м3 құрады. Қайтара тұтынуға сарқынды судың 18 012 м3 , яғни, 26,36% тазартылып жіберілді. «ОЗЗ» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен зауыт мен цехтардың өндірістік ағынды суларының сапасына 424 зерттеу, айналма сулардың сапасына 95, санитарлық-қорғаныш аймағы мен зауыттың өнеркәсіптік алаңы мен өндірістік ғимараттардың қоршаған ортасын зерделеуге 342 зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның сапасы 3 846 автоматты түрде зерттелді. Мердігер зертханамен зауыттан 2,3,4 шақырым қашықтықта атмосфералық ауаның сапасына 39 зерттеу жүргізілді. Ауаны ластайтын заттардың шығарылуы тұрғын елді мекендерде санитарлық-гигиеналық нормалардан асқан жоқ.

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться