Экологиялық ахуал ақпараты

08.09.2016
1372 просмотров

(2016 жылдың 1 қыркүйегі мен7 қыркүйегі аралығы)

   Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 107 100 м3 құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ. Буландыру тоғанына биологиялық тазартылған сарқынды су көлемі 60 042 м3 құрады. Қайтара тұтынуға сарқынды судың 17 427 м3, яғни, 22,04% тазартылып жіберілді. «ОЗЗ» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен зауыт мен цехтардың өндірістік ағынды суларының сапасына 428 зерттеу, айналма сулардың сапасына 94, санитарлық-қорғаныш аймағы мен зауыттың өнеркәсіптік алаңы мен  өндірістік ғимараттардың қоршаған ортасын зерделеуге 327 зерттеу,  кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы ауаның ахуалына 101 зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның сапасы 3 622 автоматты түрде зерттелді. Мердігер зертханамен зауыттан 2,3,4 шақырым қашықтықта атмосфералық ауаның сапасына 216 зерттеу жүргізілді. Ауаны ластайтын заттардың  шығарылуы тұрғын елді мекендерде санитарлық-гигиеналық нормалардан асқан жоқ.




Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться