Құрметті зауыттықтар, қадірменді ардагерлер!

02.09.2016
1413 просмотров

«Атырау МӨЗ» ЖШС Басқармасы атынан Сіздерді кәсіби мереке – мұнайгаз кешені қызметкерлерінің Күнімен шын жүректен құттықтаймын!    

         Қазақстанның мұнайгаз индустриясы өзінің көкжиегін кеңейтіп келеді. Қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеретін және мемлекеттің гүлденуіне барынша үлес қосатын инновациялық жобалар жүзеге асуда. Атырау мұнай өңдеу зауыты ірі көлемді жаңғыртуды аяқтау сатысында тұр. Бұған дейін жаңғыртудың екі кезеңін сәтті аяқтадық. Нәтижесінде экологиялық таза әрі жетілдірілген мотор майларын шығаруға қол жеткіздік. Мұнайхимия саласына қажетті–бензол мен параксилол өнімдерінің алғашқы партиясы алынды. Атырау мұнай өңдеу зауыты – мұнайхимия және мұнай өңдеу саласында бәскеге қабілетті тауарлы өнімдер шығаратын жоғары технологиялы кәсіпорын екенін дәлелдеп келеді.

      Төл мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге және отбасыларыңызға бақ-береке, бірлік және сәттілік тілеймін!       

«Атырау МӨЗ» ЖШС

Басқарма Төрағасы,

Бас директоры                                                               Қайрат Оразбаев

                                              

   

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться