2014 жылдың 6 айындағы өндірістік көрсеткіштер

03.07.2014
1423 просмотров
2014 жылдың 6 айындағы өндірістік қызметтің қорытындылары бойынша «Атырау МӨЗ» ЖШС мұнай өңдеу жоспарын 100 пайызға орындады.

2 359 980 тонна мұнай өңдеу жоспарланған болса, өңделген шикі мұнайдың көлемі 2 367 482 тоннаны құрады. 2013 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда мұнай өңдеу көлемі 76 117 тоннаны құрады.

Жыл басынан бері 4 ай бойына мұнай өндіру ұйымдарынан өңделетін шикі мұнайдың тиісті көлемі жеткізілмеуіне байланысты, зауыт межелі жоспардан 40 000 тоннаға қалып келе жатқан болатын.

Мұның орнын толтыру және жартыжылдық жоспарды толығымен орындау мақсатында зауыттың бірінші басшысы мен профильді бөлімшелер ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысының күрделі жөндеу мерзімін жөндеу жұмыстарын торлығымен қамти отырып, 30 күнтізбелік күннен 20 күнге дейін қысқарту жөнінде іс-шаралар жоспары жасақталды. Бұған қоса, жабдықтарды тоқтатуды қажет етпейтін жұмыстар өндірісті қамтамасыз ету департаменті мен МӨМӨТК өндірісі қызметкерлерінің күшімен алдын ала жасалынды.

Сонымен қатар, күрделі жөндеу мерзімін қысқарту мүмкіндігі ескеріле отырып, ҚР Мұнай және газ министрлігі және «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ басшылығы деңгейінде ағымдағы жылдың мамыр айында жеткізілетін шикі мұнай көлемін 360000 тоннаға дейін жеткізу мәселесі шешілді (мамыр айына 300000 тонна жоспарланған болатын).

Аталған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде бірінші жартыжылдық жоспары орындалды.

Сонымен, өткен 6 айдағы көрсеткіштер төмендегідей:

Автобензиндер - 291 580 тонна, 56 447 тоннаға көп;

Дизель отыны - 622 009 тонна, 32 922 тоннаға көп;

Пеш отыны - 78 152 тонна, 5 657 тоннаға көп;

Вакуумды газойл- 370 552 тонна, 24 972 тоннаға көп;

Кокс - 59 592 тонна, 22 633 тоннаға көп;

Сұйытылған газ - 12 835 тонна, 4 889 тоннаға көп.

Жалпы көлем үлесіндегі жоғарыоактанды бензин 45,1 % -ға жеткізілді (2013 жылдың сәйкесті кезеңінде 24,7 % болды). Жыл басынан бері шығарылған дизель отынының барлық көлемі К-2 экологиялық таза дизель отыны санатына сәйкес келеді. ( 2013 жылы бұл көрсеткіш 71,8 %-ды құраған).

Мұнай өңдеу тереңдігі 61,9% (сәйкесті кезеңнен 4.0%-ға артық). 3 шілдедегі жағдай бойынша зауыт барлығы 2 млн. 400 мың тонна мұнай өңдеді.

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться