Зауытта ішкі аудит жүргізілуде

31.07.2014
1444 просмотров
Атырау мұнай өңдеу зауытында жыл сайын OHSAS 18001, ISO 14001 и ISO 9001 халықаралық стандарттарында сәйкестікті тексеру мақсатында сыртқы аудит жүргізіледі.

Зауыттың бас директоры Қ.Қ.Оразбаевтың бұйрығымен зауыттың құрылымдық бөлімдерінде сыртқы аудит жұмыстарына уақтылы әрі тиімді дайындалу, сондай-ақ регламенттік құжаттарға сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатындағы ішкі аудит бағдарламасы жасақталып, жүзеге асуда. Құрамында арнайы оқытудан өткен зауыт мамандары бар аудиторлық топ халықаралық стандарттарға және нұсқаулар, ережелер, процедуралар мен регламенттерге сәйкестікті тексеруде. Шілденің 18-інде басталған ішкі аудит қыркүйекке дейін жалғасатын болады.

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться