Еңбек заңдылықтары түсіндірілді

01.08.2014
1510 просмотров
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында ҚР «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңына және Еңбек Кодексіне ХЕҰ Конвенциясына сай кәсіпорындарға тексерістер жүргізуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс әзірлеуді және 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы еңбек заңдылықтарының негіздерін жалпыға бірдей оқытуды ұйымдастыруды ойластыруды тапсырған болатын.

Осы орайда арнайы іс-шаралар жоспары жасақталып, 2013 жылдан бастап Қазақстанда еңбек заңдылықтарын жалпыға бірдей оқыту жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Іс-шаралар жоспары аясында семинарлар, дөңгелек үстелдер, барлық кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізу көзделген.

Осындай кездесу ағымдағы аптаның алғашқы күні Атырау мұнай өңдеу зауытының мәжіліс залында өтіп, кәсіпорын жұмысшылары «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығының өкілдерімен кездесті.

Тәжірибеде еңбек заңдылықтарының бұзылуы кездесіп тұрады. Десек те, жұмысшы өз құқығын жетік біліп, еліміздің еңбек заңдылықтарынан толық хабардар болса, мұндай жағдайларға жол берілмес еді. Тиісінше, еңбек дауы да туындамаған болар еді. Сондықтан да, еңбек заңдылықтарын жалпыға бірдей оқыту жұмыстарының өзектілігі орасан зор. Еңбек заңдылықтарын жалпыға бірдей оқыту жұмыскерлердің құқықтық сауатын арттыру, еңбек дауларының алдын алу мақсатынан туындаған. Зауыттықтармен кездескен аталған орталықтың заңгері Жұлдыз Саттарова жиналғандарға еңбек заңдылықтарының негізгі тұстары туралы баяндап, жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалатын еңбек шартының талаптары, жұмыскердің құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпар берді. Сондай-ақ, шараға қатысушылар ҚР Еңбек Кодексінде көрсетілген жұмысқа орналастыру, жұмыс орны,жұмысты тарифтеу, жұмыс уақыты, жұмыс уақытының жиынтық есебі, сынақ мерзімі, басқа да негізгі ұғымдар туралы мағлұмат алды.

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться