Экологиялық ахуал ақпараты (2016 жылдың 3 ақпаны мен 11 ақпан аралығы)

12.02.2016
1218 просмотров

Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі -99 000 м3 құрады. 

Су алу лимиттен асқан жоқ. Буландыру тоғанына биологиялық тазартылған сарқынды су көлемі - 58 020 м3құрады. Қайтара тұтынуға 20 257 м3 тазартылған су жіберілді. «ОЗЗ» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен зауыт мен цехтардың өндірістік ағынды суларының сапасына 351 зерттеу, айналма сулардың сапасына 83, өндірістік ғимараттардың қоршаған ортасын зерттеуге 318 зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның сапасы 4018 автоматты түрде зерттелді. Ауаны ластайтын заттардың  шығарылуы тұрғын елді мекендерге санитарлық-гигиеналық нормалардан асқан жоқ.

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться