Атырау МӨЗ-де республикалық өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

07.11.2026
23 просмотров
Атырау МӨЗ-де республикалық өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті
2026 жылғы 6 қарашада Атырау мұнай өңдеу зауыты (Атырау МӨЗ) аумағында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті мен Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен республикалық өрт-тактикалық оқу-жатт
ығу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — өрт-құтқару бөлімшелерінің төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге дайындығын тексеру, сондай-ақ өнеркәсіптік нысандағы апаттық жағдайларды жою кезінде зауыт қызметкерлері мен шұғыл қызметтерінің іс-қимылдарын пысықтау.

Сценарийге сәйкес, хош иісті көмірсутектер өндіру кешеніндегі Benfree қондырғысының пешінде технологиялық жабдықтың ақауы салдарынан жарылыс болып, артынша өрт шыққан. Жалын жақын орналасқан жабдықтар мен құрылыстарға таралған.

Оқу-жаттығу барысында қатысушылар өртті оқшаулау және сөндіру, зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету, сондай-ақ қызметкерлерді эвакуациялау әрекеттерін пысықтады. Сонымен қатар өрт сөндіру бөлімшелерінің, зауыттың авариялық-құтқару және шұғыл қызметтерінің мемлекеттік органдармен және қалалық қызметтермен өзара іс-қимылының тексерілді.

Іс-шараға ТЖД, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС БФ және Атырау МӨЗ-ден барлығы 133 адам мен 34 арнайы техника жұмылдырылды.

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться