Экокеңес өкілдері Атырау МӨЗ-дің жұмысымен танысты

08.10.2026
22 просмотров
Экокеңес өкілдері Атырау МӨЗ-дің жұмысымен танысты
2026 жылдың 8 қазанында Атырау мұнай өңдеу зауытының Қоғамдық экологиялық кеңесі өкілдері кәсіпорынға келді.
Сапар барысында олар мұнай өңдеу процесімен, технологиялық қондырғылардың жұмысымен, табиғатты қорғау шараларымен, сондай-ақ өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған жобалармен танысты.

Каталитикалық крекинг қондырғысының алаңында зауыт мамандары қонақтарға арнайы катализаторлар мен жоғары температураның әсерінен мұнайды бастапқы өңдеуден қалған қалдықтардың автобензин, авиациялық және дизель отынына қажетті құнды компоненттерге айналу процесін түсіндірді.

Механикалық тазарту құрылыстарында (МТҚ) қатысушылар өндірістік ағынды суларды бастапқы тазарту жүйесінің жұмысымен танысты. Tazalyq жобасы аясында МТҚ қайта жаңғыртылып, оның өнімділігі сағатына 1000 м³-ге дейін артты. Ағынды суларды мұнай өнімдерінен тазарту тиімділігі 99,3%-ды құрайды. Тазарту процесінің жабық жүйеде жүргізілуі көмірсутектердің булануын және жағымсыз иістердің таралуын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

Кейін делегация булану алаңдарының зауытқа тиесілі бөлігіне барды. Мұнда қонақтар 1 және 2 секторларды рекультивациялау нәтижелерімен танысты. МТҚ қайта жаңғыртылғаннан кейін булану алаңдарына жіберілетін ағынды сулардың құрамындағы мұнай өнімдерінің концентрациясы үш есеге төмендеді. Бүгінде бұл су айдыны Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін құстардың мекеніне айналған.

Кездесу аясында Қоғамдық экологиялық кеңес өкілдері зауыт мамандарынан өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.

Атырау МӨЗ экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша қоғам өкілдерімен ашық диалогты жалғастырады.



«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметі

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться