Зауытқа жақын аумақтар тұрғындарын көшіру мәселесі талқыланды

15.09.2026
15 просмотров
Зауытқа жақын аумақтар тұрғындарын көшіру мәселесі талқыланды
Атырау мұнай өңдеу зауытының кешенді экологиялық рұқсат алуға дайындығы аясында дөңгелек үстел өтті.
Жиында зауыттың санитарлық-қорғау аймағының (СҚА) шекараларын қайта қарау және кәсіпорынға жақын орналасқан аумақтар тұрғындарын көшіру мәселелері қаралды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, Атырау МӨЗ-дің және қоғам өкілдері, тәуелсіз сарапшылар мен қала тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында зауыт мамандары СҚА шекараларын қайта қарау қажеттілігінің себептерін түсіндіріп, оның жаңа шекараларын анықтау мақсатында жүргізілген далалық зерттеулердің нәтижелерін таныстырды.
Тұрғындарды көшіру мәселесін талқылау аясында көшіруге жататын үйлерді анықтау тәртібі, меншік иелерімен келіссөздер жүргізу рәсімі, сондай-ақ көшіру мен өтемақы төлеудің болжамды мерзімдері туралы ақпарат берілді.


«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметі

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться