«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

Водоблок (3).jpg

«Су блогы – 2» қондырғысының мақсаты – зауыттың технологиялық қондырғыларынан айналма суды дайындау жолымен зауыт қондырғыларын салқындататын температуралық  режиммен қамтамасыз ету. Айналма сумен жабдықтау блогының негізгі шикізаты -  технологиялық қондырғылардан айналатын су (қайта айналатын)  және басты Тоғаннан алынатын жаңа су (қоректік су), БОС қондырғысынан алынатын тазартылған  (қоректік су) сулар болып есептеледі.

«Су блогы – 2» айналма су блогының жобалық-сметалық құжаттарын «Гипроазнефть» жобалау институты әзірлеп және 1969 жылы іске қосылды.

«Су блогы – 2» қондырғысының құрамына  мыналар енеді:   үлестіруші камералар поз.129/1; мұнайбөлгіштер поз.129/2; сүзілген мұнай өнімдеріне арналған ыдыс поз.129/7; мұнай өнімдерін қайта айдауға арналған (тереңдетілген) насос поз.129/8; тұнба ыдысы, жылы сулы бассейн поз.129/3; жылы және салқын су насосы поз. 129/5; салқын су бассейні поз. 129/4; градирнялар (бес секциялы және үш секциялы тұздан тазартатын орындар) поз.129/6; насос  жалпы кешеніндегі оператор бөлмесі поз.129/5.

Су айналымының  келесідей жүйелері қарастырылған:

  • І жүйе – аппаратураларды жылу алмастырғыштар, ЭЛОУ-АВТ, ЛГ насос қондырғыларын салқындату үшін;
  • ІІ жүйе - аппаратураларды ортадан тепкіш компрессорлар, поршень компрессорлар, ЛГ, УПТА қондырғы насосының желісін  салқындату үшін;
  • ІІІ жүйе – реакторларды, жылу алмастырғыштарды, УЗК, УПНК насос қондырғыларын салқындату үшін.

І-ші және ІІ-ші жүйелердегі ыстық су  2 секциялық үлестіргіш камераға келіп түседі. Камераның мақсаты  суды үш мұнайбөлгіш секцияларға бірдей етіп бөлу. Бөлу камерасынан аққан ыстық  су тегіс ағыспен   мұнайбөлгішке келіп құяды. Мұнайбөлгіш поз.129/2 – айналма судан мұнай өнімдері мен механикалық қоспаларды бөлуге арналған.  Поз.129/2  мұнайбөлгіштен сүзілген мұнай өнімі  өздігінен ағып барып поз.129/7 мұнай жиналатын ыдысқа құяды.

«Су блогы – 2» - үш - бес секциялы және екі - үш секциялы градирнялар бар. Суды салқындату үшін әр секцияда ВГ-50 сорғыш желдеткіштері бар. Дұрыс салқындату үшін және ауа ағынын бірдей етіп бөлу үшін, әр секция төменгі бөлігінде  шифермен бөліктерге бөлінген. Ыстық суды бірдей етіп бөлу үшін, әр секция су бөлгіш жүйемен жабдықталған, жүйе горизонтальды құбыр жүйесі  мен секцияның аумағына біркелкі су бүркетін жүйеден  тұрады. Суды дұрыс салқындату үшін суландырғыш орнатылған, ол   призмадан жасалған  ПР-50 суландырғышынан және пленкадан жасалған  ПВХ суландырғышынан тұрады.  Градирнядан су көп шығындамас үшін  ПВХ су аулағыштар қолданылады..

Температурасы 290      салқындатылған су поз. 129/6    градирнядан өздігінен ағып поз. 129/4 салқын су бассейніне келіп құяды және салқын су насостарымен қайта айналым желісіне қосылады.

Салқын су айналымы жүйесін тотығудан қорғап, бактерияларды жою үшін  жаңа су беретін жүйеге  қоректік қосымша ретінде көпфункционалды органикалық суда еритін коррозия ингибиторы бактерицид Dodigen WS-180 қолданылады, ол әр түрлі металдар мен қорытпаларды  тотығудан, коррозиядан, тұздың қордалануынан сенімді түрде  қорғайды, күшті бактерицид болып есептеледі.