«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

1.jpgТехникалық  азот өндірісінің  қондырғысы  2000 жылы іске қосылды, 2006 жылы ААж-0,6М ауа бөлгіш стансасын басқару жүйесін модернизациялау жүргізілді және А-1,2 ауа бөлгіш қондырғысы іске қосылды.

Азот стансасы газтәріздес және сұйық азот өндіруге арналған.

ААж-0,6М ауа бөлгіш қондырғысының  жобалық қуаты  - 550 м3 /сағ. газтәріздес азот немесе 35кг/сағ. сұйық азот және 500 м3 /сағ. газтәріздес азотты құрайды.

А-1,2 ауа бөлгіш қондырғысы  -  ГОСТ 9293 бойынша  1200 м3 /сағ. газтәріздес азот өндіруге арналған.

Газтәріздес азот бейқам орта жасау үшін және өндірістегі қауіпсіздік үшін, тез тотығатын өнімдерді сақтау мен тасымалдау үшін қолданылады.

Сұйық азот хладагент тәрізді қолданылады, газдалғаннан кейін газтәріздес ретінде қолданылады.

Азот алудың технологиялық процесі төмен температуралы ректификация әдісімен негізделеді:

  • атмосфералық ауаны қоспалардан тазарту;

  • атмосфералық ауаны қысу;

  • қысылған  атмосфералық ауаны салқындату;

  • қысылған  атмосфералық ауаны сұйылту;

  • азот алу үшін атмосфералық ауаны төмен температурада ректификациялау.

Азот алудың технологиялық процесін «Кислородмаш» ААҚ,   Одесса қ. әзірледі.

Азот стансасының жобасын  бас жобалаушы «Нижегородниинефтепроект» ААҚ әзірледі.

Қондырғының технологиялық  сызбасы  қысым астында газтәріздес азот шығару ды қарастырған.

Қондырғыны екі режимде:

  • қашықтан басқару;

  • автоматты басқарудың жеке нобайларыменіске асырылады.