«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

1.jpgБензинді изомерлеу және гидротазарту қондырғысының жобасын, жабдықтарын және құрылысын  UOP (АҚШ) фирмасының технологиясы бойынша JGC Сorporation (Жапония) корпорациясы  орындады.

Кәсіпорынның бас жобалаушысы - «Нижегородниинефтепроект» ААҚ.

Қондырғыны іске қосқан жылы – 2006ж.

Бензинді изомерлеу және гидротазарту қондырғысының құрамына мыналар енеді:

  • АТ-2  және баяу кокстау қондырғыларынан бензинді  гидротазарту секциясы және   тұрақтандыру;

  • НК-85 0С фракциясын  шығару мақсатында бензиннің кең фракциясын бөлу секциясы;

  • НК-85 0С фракциясын изомерлеу секциясы.

Бензинді  гидротазарту  және   тұрақтандыру секциясы бензинді   сутегі бар арнайы катализаторда күкірт, азот- және қышқылқұрамдас көмірсутек- терден тазарту, сондай-ақ  гидротазарту секциясынан ректификация әдісімен дизельді отынды депарафиндеп бензинді тұрақтандыру. 

Бензин  шикізатын гидротазарту және тұрақтандыру секциясының   жобалау қуаты  жылына үздіксіз 330 күн жұмыс істегенде: 

  • Гидротазарту торабы - 470 000 т /ж (60т/с);

  • Тұрақтандыру торабы – 554 000 т /ж (70т/с);

Өндіретін өнімі: гидротазартылған бензин, сұйытылған газ.

Бензиннің кең фракциясын бөлу секциясы аз октанды С5-С6  компоненттері  есебінен  бнезиннің кең фракциясының құрамындағы октан санын ұлғайтуға арналған.

Шикізат секциясының жобалық күші, қондырғыдағы бензинді қоса есептегенде 870 000 т/ж (110т/с).

НК-85 0С фракциясы (шикізатты изомерлеу),   НК-85 0С фракциясы (риформинг шикізаты).

НК-85 0С фракцияларды изомерлеу секциясы сутегі бар арнайы катлизаторда изомерлеу әдісімен октан санын ұлғайту үшін қызмет етеді.

Изомерлеу секциясының шикізат бойынша  жобалау қуаты:

173 300 т/ж (22т/с). Өндіретін өнімі: изомеризат ) жоғары октанды компонент).

Дайын өнімнің сипаттамасы:

  • Күкірттің жалпы үлесі  ppm –нан көп емес -0,5;

  • Факті бойынша смола  концентрациясы  мг/100см3                   
  • бензин көп емес -0,5;

  • Бензолдың мөлшерлі үлесі, %,  көп емес -3;

  • Сыртқы көрінісі – таза мөлдір.