«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

1.jpg

ЭЛТҚ-АТ-2 қондырғысын Американың «Баджер и сыновья» фирмасы құрастырып, термикалық крекинг блогын қосып 1945 жылы қолданысқа берілген. 1970 жылы мұнай өңдеу мен өнім құмырасын дайындығын жақсарту мақсатында қолданыстағы «Петрико» тұзсыздандыру қуатына қосымша ЭТҚ 10/6  блогы өндіріске енгізілді. Әр қайсысының  мөлшері 600 м куб Э-1, Э-2 екі сфералық электродегидраторларда тұзсыздандырудың  жаңа қуаттары мұнай дайындаудың сапасын жақсартты, сондай-ақ  тікелей айдау блогында өнімділікті арттырды.

1986 жылы ескіріп тозығының жетуіне байланысты термикалық крекинг блогы өндірістен шығарылды. АТ-2 секциясы мұнайды қыздыру, буландыру, фракциялау мен дистилляттардың буларын шоғырландыру  арқылы тұзсыздандыру мен суын бөлуге арналған. 2006 жылы 1,0 млн. тонна Теңгіз мұнайын өңдеу үшін және қондырғыны қауіпсіздіктің жалпы ережелеріне (ВУПП-88). сәйкестендіру үшін қондырғыға қайта құрылымдау (реконструкция) жүргізілді. 

Реконструкциялаудың нәтижесінде ЭТҚ-АТ-2 қондырғысының қуаты мұнай өңдеу өнімділігін жылына 2,0 млн. тоннаға арттырды. Реконструкциялаудан кейін бақылау мен басқару технологиялық режимін Центум – 3000 (Жапония) Таратылған басқару жүйесі іске асырады.

АТ қондырғысы арқылы мынадай өнімдер алынады:

  • тікелей айдалған бензин;

  • дизель отынының құрамдасы;    

  • мазут;

  • көмірсутекті газ.

6.JPG