«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

ТЭЦ.jpg

Зауыттың жылу электр орталығы  Каспий аумағы  энергетикасының 1945 жылы ең алғашқы іске қосылған  кешендерінің бірі.

ЖЭО-ның  негізгі жұмысы  -  зауыттың технологиялық цехтары мен қазандықтарын, қалдықтарды өңдейтін цехтарды   үздіксіз электрмен  және  жылумен, құралдар және техникалық ауамен, химиялық тазарту  және қоректік сумен  қамтамасыз ету болып табылады.

2006-2013 жж. қайта құрылымдау кезінде  ЖЭО жұмысын тоқтатпай және заманауи талаптарға сай болып қалуы үшін бірқатар  іс-шаралар өткізілді. ЖЭО-ның барлық бөлімшелері түгел дерлік  реконструкцияланып, жаңартылды.  2006 жылы  үшқазандықты   жылу қазандығы  және   6 МВт  қуатты  №3 турбоагрегаты  салынып, іске қосылды.  2011-2012 жж. америкалық «Рилей-Стоккер» фирмасы  шығарған 4 қазандықты  ресейлік қазандықтарға   ауыстыру  жөніндегі құрылыс-монтаждық  жұмыстары жасалды.  Бүгінгі таңда қазандықтардың  жалпы  бу шығару өнімділігі  275 т/с. Барлық  жылу агрегаттары Ресейде шығарылған.


Тэц-3.jpg

2013 жылға  дейін  ЖЭО-да  қуаты 18 МВт болатын  үш турбогенератор қолданылды және электроэнергияны сырттан сатып  алуды азайту үшін     жаңа  градирнясы бар ст.№4 кешенінде қуаты 12 МВт болатын    П-12/13-3,4/1,0 бу турбинасы  іске қосылды.

Бүгінгі  таңда  ЖЭО-да  қондырылған  және қолданылатын  электр  қуаты  30МВт құрайды.

2015 жылы  зауытты  қайта  құрылымдау аясында хош  иісті  көмірсутек өндіретін кешеннің  жаңа қондырғыларын деминералданған сумен қамтамасыз етуге арналған химиялық тазарту  қондырғысы салынды.