«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

1.jpgМұнай коксын қыздыру қондырғысын 1989 жылы іске қосылды. Мұнай коксын қыздырудың технологиялық  процесі  шикі мұнай коксының құрамынан ұшып кететін компоненттер мен ылғалды жойып талапқа сәйкестендіріп, қыздырылған кокс алуға арналған.

Мұнай коксын қыздырудың  импорттық қондырғысын «Маннесман» (Германия) фирмасы  Москваның «ВНИПИнефть» институтымен  бірігіп жасады.

Бас жобалаушысы Азгипронефтехим  жобалау институты,  Баку  қаласы.

Шикі кокс өнімділігі жылына 140 мың тонна. Қыздырылған кокс шығарылады.

Қыздыру процесінде  ұшпа заттар  мен ылғал түгелдей жойылады,  тығыздығы ұлғайып,              электр өткізгіштігі мен механикалық тығыздығы ұлғаяды.

Коксты барабанды айналмалы пеште қыздырады, пештің  ұзындығы 59,5 м.,               диаметрі 3,6 м.,  4,17 0 бұрышында  қондырылған.           Болу уақыты (1-1,5 сағ.) барабанның айналу жылдамдығымен (0,6-1,2 айн./мин.)  анықталады.

Қыздыру пеші ағынға қарсы принципімен   жұмыс істейді – кокс, отынды жаққанда   шығатын   ұшпа өнімдер мен материалдардың  иісінен пайда болатын, газ ағынына қарсы жылжиды.

Коксты  950-1300 0С-та қыздырады.

Процеске сәйкес  пеш шартты түрде мынадай зоналарға бөлінеді:

  • 600 0С кептіру және қыздыру зонасы;

  • 600-950 0С ұшпа бөліну және қыздыру зонасы;

  • 950-1300 0С  қыздыру зонасы.

Коксты қыздырудың сапасы  қыздырудың ұзындығына, пештің максимальды температурасына  және материалдың онда болу уақытына байланысты.

Өндірістік шегі кокстың шыңдалатын қабаты қызуына берілетін тапсырманың деңгейіне шақталады 2,02 г/см3    кем емес және  2,09 г/см3 артық емес мөлшерде, таңдалған қызу беру температуралық режіміне, сонымен қатар шикі кокстың дозаторына беріледі.

Пештен шығатын газ шыңдалу темпаратурасы 800-1300 0С шаңды тұтып қалатын камера арқылы, түгелдей жанатын пешке түседі. Онда ұшатын жеңіл заттары мен кокс шаңдары жанып бітеді де, одан кейін өтелге шығатын қазандыққа барады. Газ жылуы ағыны 2,0 МПа қысымында бу шығаруға қолданылады. Салқындатылған түтінді газдар түтін құбыры арқылы биіктігі 120 метрлік атмосфераға шығарылады.