«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

МеханОчистСооружен (3).jpg

Механикалық тазарту ғимараттары (МТҒ) қондырғысының құрамына:  «РЕКС» мұнайсүзгісі (тор), өнімділігі 24,0 мың м3/тәулік,  1945 жылы салынып, іске қосылған және өнімділігі 12,0 мың м3/тәулік болатын тазарту құрылғысы 1973 жылы іске қосылды.

Шикізат шығаратын тазарту құрылғыларында кәсіпорындық ағындылар бар, құрамы су ағындылары, мұнай және мұнай өнімдері  қалдықтары, механикалық қоспалар,          сондай-ақ индустриялық нөсерлер ағыны,  зауыт аумағынан және шаруашылық  тұрмыстық ағындылар.

Тазарту ғимараттарының құрамында қабылдау камералары, апат қамбалары, құмтұтқыштар, төрт секциялы мұнай бөлгіштер, қосымша тұнба тоғандар,  қалқыту     қондырғылары мен насос станциялары бар.

Кәсіпорындық ағындар, индустриялық нөсерлер ағыны, күкіртті-сілтілік зауыт             қондырғыларынан жалпы қоспа болып  нөсерлік ағын ыдысы арқылы  кәсіпорындық ағын (поз.119/9а.) қабылдайтын ыдысына құяды.   Нөсерлік ағындының құрамасы арқылы        бірнеше ағындарды өткізеді, артығымен           немесе дүркін-дүркін лақтырылған  кезде ағынның  бағыты апаттық (авариялық) қамбаға бұрылады.                                 

Осыдан кейін өндірістік  ағындар құмтұтқышқа айдалады.

Құмтұтқыш (поз.119/1) ағын су ағымымен  тазарту кешеніне келетін  минерал текті механикалық қоспалардың  негізгі ірі массаларын сүзуге арналған.

Ірі механикалық қоспалардан тазартылған соң, ағындар қабылдау (үлестіру) камераларына (поз.119/2а/б) келіп түседі, жалпы ағынды құмтұтқыштан мұнайбөлгіш камераларға  біркелкі  бөлінеді. Төртсекциялы мұнайбөлгіш (поз.119/3а, 119/3б) және «қосымша тұнба тоғандарында» (ҚТТ) тұндыру арқылы тазартып, сұйықтық бетіндегі қалқыған мұнай қосылыстарын сүзіп алады. Механикалық тазартудың соңғы сатысында ағын су қалқыма (флотатор) тазартудан өтеді. Мұнай өнімдерін судан жақсырақ бөлу үшін, флотаторға сепаратордан өткізілген су  және    NALCO 71305  түрінде фокулянт қосылады.    Сүзілген мұнай өнімдері    мұнай жинайтын жаймаларға жіберіледі, одан соң  сүзілген мұнай ыдысына құйылады, сосын 1000 куб.м. сыйымдылықты сүзілген мұнай резервуарға насоспен айдалады, одан  кейін  жиналған мұнай өнімі қосымша тазартылады, содан соң  жиналған мұнай өнімі  №4 цехқа  қайта өңдеуге жіберіледі.  Тазартылған су насос арқылы «биологиялық тазарту ғимараттарына» айдалады.