«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
1.jpg

21-10/6  сияқты жылытылмайтын камералардағы   Баяу кокстау қондырғысы   БашгипроНефтехим  ( Уфа қ.) институты жобаланып, жалпы зауыттық шаруашылыққа АзГипроНефтехим (Баку қ.) институты енгізіп, іске асырды. 

Қондырғы мұнайдың ауыр өңделуінің қалдықтарынан  (гудрон, мазут)   кокс алуға арналған, алюминий өнеркәсібінде  электрод өндіруде шикізат ретінде қолданылады.

Баяу кокстау қондырғысы    1980 жылы іске қосылды.

Қондырғының шикізат бойынша жылдық өндірісі 600 мың т.  және жылына  120 мың т. кокс өндіруді қамтамасыз етеді, соның ішінде жылына  54 мың т.  электрод өндіріледі. Жоба бойынша жылдық жұмыс күні  - 300 күн.

Модернизацияның  нәтижесінде қондырғының  шикізат бойынша  өнімділігі  жылына 720 мың т. жетті. Жұмыс күнінің саны 335 күнге жетті.

Қондырғыда қосымша мынадай мұнай өнімдері өндіріледі:

  • майлы газ, зауыттың технологиялық кешендерінде қолданылады;

  • кокстау бензині;

  • жеңіл газойль;

  • ауыр газойль.

Қондырғының  құрамына мынадай негізгі блоктар енеді:

  • салқын насос, мұнай өнімдерін 200 °С температурада  қайта айдауға арналған;

  • ыстық насос, мұнай өнімдерін 200 °С-тан астам  температурада  қайта айдауға арналған;

  • колонналар блогы, ретификациялық, буландыру және тұрақтандыру колонналарынан тұрады;

  • пештер блогы,  4 реактордан құралған,  екеуі алғашқы шикізатты қыздыруға және екінші   қайталама шикізатты қыздыруға  арналған;

  • реактор блогы, 4 реактордан құралған, екі-екіден жұмыс істейді, және  көмек жабдықтары бар;   

  • утилизатор қазандықтар блогы, пештен шығатын түтін газдарының  жылуынан                   технологиялық  қажеттіліктер  үшін  буларды шығаруға арналған;

  • операторлық  және электрподстанциясы, жабдықтарды электрмен қамтамасыз етуге   және технологиялық процестерді бақылауға арналған;

  • шикі кокс көліктік блогы, сақтау және темір жол көлігіне тиеп тұтынушыларға жіберуге арналған;

Баяу кокстау қондырғысында өндірістік процестерге  6 негізгі технологиялық ағындар қатысады:

  • қондырғыға арналған шикізат – мазут (мұнай өңдеу қалдығы);

  • қондырғыдан алынған жалпы кокс;

  • қондырғыдан алынған автобензиннің компоненті  (НК-180°С фракциясы),

  • бензинді паундирлеуге арналған;

  • қондырғыдан алынған жеңіл газойльдік фракция (170-360°С фракциясы),пеш отынын дайындауға қолданануға  арналған;

  • кокстаудың ауыр дистиляты (360°С-тан жоғары фракция), мазутқа отынның  компоненті ретінде қосылады;

  • кокстаудың майлы газы, күкіртсутегінен алдын ала тазартылып, УЗК және УПНК пештеріне отын ретінде қолданылады, және ГФУ арқылы зауыттың отын жүйесіне жіберіледі.

Қондырғыны шикізатпен шикізат запасы бар,     № 38 шикізат паркі қамтамасыз етеді, қондырғының  сөтке жұмысын қамтамасыз етуге  есептелген (2 болат  вертикальды резервуар  әрқайсысы - 2000 м-ден,  2 резервуар  әрқайсысы– 1000 м3 -ден ).

Бензин, қондырғының өнімі ретінде №8 аралық паркінде кокстеу бензинін сақтауға арналған            (2 болат  вертикальды резервуар, әрқайсысы  2000 м3 -ден).